Екібастұзда теміржолға қажетті құрал-жабдықтар шығаратын зауыт құрылуда
Теміржол саласы – ел экономикасының күретамыры. Оны дамытудың маңыздылығы туралы Мемлекет басшысы айрықша айтып жүр. Жүк тасымалдаудың қазіргі таңдағы арзан әрі тиімді түрі біздің облыста кеңінен таралған. Аталған саланың келешегі еліміздің өркендеуімен тығыз байланысты. Теміржол бойына қажетті құрал-жабдықтар өндірісін құру мәселесі бұдан он шақты жыл бұрын арман болса, бүгінгі таңда мемлекетіміз бұл мақсатты өміршең етуде нақты қадамдарға баруда. Осы ретте жаңа индустрияландыру бағдарламасы аясында ерекше көзге түсіп жүрген біздің аймақ тағы да инноваторлық жобасымен танылып отыр.
Екібастұз қаласын алыс-жақын шет мемлекеттер тек алып көмір кеніштері арқылы білетіні рас. Жыл сайын миллиондаған тонна көмір беріп, еліміздің басым бөлігін қуат көзімен қамтамасыз етіп отырған аймақ ендігі уақытта өндіріс саласының басқа да қырларын бағындырмақ. Анығын айтқанда, көмірлі шаһар болашақта теміржол саласына қажетті жүк вагондары мен жолдың үстіңгі қабатына лайықталған құрал-жабдық өндірісімен достастық елдер арасында көшбасшы атануға бел буып отыр.
Мұрат АЯҒАНОВ,
Екібастұз қаласы.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 12 шілдедегі номерінен оқи аласыз)

