Президенттің кәсіпорындарда еңбек өнімділігін арттыру мақсатында берген тапсырмасына сәйкес, «Өнімділік-2020» бағдарламасы қабылданғаны мәлім. Алайда, көптеген кәсіпкерлер өздеріне мемлекет ұсынып отырған жеңілдіктерден бейхабар. Осы орайда сейсенбі күні Инновациялық Еуразия университетінде ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен Ұлттық инновациялық қор өкілдері семинар өткізді.
«Қазақстандық индустрияны дамыту институтының» менеджері Л.Юсупованың түсіндіруінше, қазір өнім шығару көлемін өсіремін деушілерге мүмкіндік мол. Ол үшін кәсіпкерлерге бірқатар дайындық жұмысын жасау керек.
Н.ҚАНАТБЕКҰЛЫ.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 21 шілдедегі номерінен оқи аласыз)

