МАҚСАТ – ӨНДІРІСТІ ЕСЕЛЕЙ ТҮСУ Екібастұздағы көмір тиеу кешені жаңашылдығымен танылды

Екібастұз көмір бассейнінде жаңа индустрияландыру бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан инновациялық жобалар әртараптығымен көзге түсуде. Бүгінде жергілікті кеніштер көмірді тиеу, тасымалдау үрдісіне жаңашылдықтар енгізуге тырысуда. Әсіресе, «Екібастұз» кенішінің бұл бағыттағы бастамалары көңіл қуантады.

 

Еліміздің үдемелі индустриялы-инновациялық даму бағдарламасына Екібастұз қаласынан енген серпінді жобалардың бірікөмір тиеу кешені. Бұл нысанның ерекшелігі сол, теміржол тұйығына келіп тоқтаған жүк вагондарына көмір жедел түрде тиеледі. Яғни, бір жарым сағат ішінде  65 вагонға көмір артылады. Станция басында заманға сай ғимараттар тұрғызылып, арнайы таразылар мен диспетчерлік пункт салынған. Сегіз бірдей жүк тиегіш трактор бар. Тиеу үрдісін тиімді ұйымдастыруды көздеген кеніш қожайындары өз діттеген мақсаттарына осылайша қол жеткізіпті. Мұндай технологиялық жағынан мықты станция аталған өңірде алғаш ашылып отыр. Ол «Гамма-Т» ЖШС компаниясы негізінде іске асты.

Тиеу кешенінің бастығы Андрей Самойленконың айтып өткеніндей, аталған кеніштің бұған дейін Майқайың станциясында көмір тиейтін орны болған. Жаңа кешен пайда болысымен оның жұмысы толықтай тоқтатылды. Қазір теміржол арқылы сыртқа шығарылатын көмірдің негізгі бөлігі осы жерден аттандырылады. Кеніш бұл жерден екі шақырымдай жерде орналасқан. Көмір одан жүк көліктері арқылы жеткізіледі екен.

- Бұл жер өте кең, тиегіш техникалардың жүріп-тұруына қолайлы. Әрі диспетчерлер оларды бақылап отырады,-дейді кешен бастығы. – Біздің кәсіпорын жыл сайын 6 миллион тонна көмір өндіріп келеді. Басшылық 2014 жылға қарай жылдық өндірісті 8 тоннаға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Бұл межеге жету үшін мұндай станциялардың тиімділігі зор болмақ. Осы тұйық жол «Қазақстан теміржолы» АҚ-на қарасты негізгі магистральға барып тоқайласады. Ол жерде біз өз қаржымызға «Атығай» атты станция тұрғыздық. Станцияны салуға 2,5 миллион теңге жұмсалды. Бүгінде оны аталған ұлттық компанияның иелігіне тапсырдық. «Атығай» станциясы жүкті қабылдап, әрі қарай өткізіп отырады. Біздің серіктестік оған жаңадан  12 бірдей рельсті бағыттауға арналған құрал, 24 бағдаршам орнатты. Нәтижесінде станцияны өз қарауына алған компания жаңадан 30 жұмыс орнын құрды. Ал біздің кешенде 70 адам еңбекпен қамтылды.

Атап өтерлігі, енді бұл станция арқылы жылына 4,5 миллион тоннаға дейін көмір тиелетін болады. «Гамма-Т» ЖШС өз өнімдерін негізінен Ресей мемлекетіне жібереді екен. Таразылау аймағында салынған диспетчерлік пункттің ішінде қызметкерлердің бос уақыттарында демалуына барынша жағдай жасалған. Душ кабиналары бар, ас үй қажетті құрал-жабдықпен қамтылған. А.Самойленко жақын уақытта станцияның маңайын көріктендіру жұмыстары басталатынын жеткізді.

Мұрат АЯҒАНОВ

                 Екібастұз қаласы.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Шілде 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 28 29 30 31