НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУ КЕРЕК

облыс әкімі екінші деңгейлі банк басшыларымен өткен кездесуде осылай деді

Сейсенбі күні облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев еліміздегі екінші деңгейлі банктердің облыстық және Екібастұз қалалық филиалдарының басшыларымен кездесті. Алқалы жиында «Бизнестің Жол картасы – 2020» бағдарламасының орындалу барысы сөз болды.

- «Бизнестің жол картасы - 2020» - еліміздегі шағын және орта бизнесті дамытуға арналған озық бағдарламалардың бірі. Бұл - кәсіпкерлікпен айналысуға ниет білдірген жандарға мемлекеттің жасаған қамқорлығы. Өз кәсібін дөңгелетіп, пайда тапқысы келетіндерге оңтайлы мүмкіндік. Аталмыш бағдарламаның жұртшылық алдында насихатталуы әлі де болса төмен. Сондықтан банк өкілдерінің белсенді үгіт жұмыстары керек. Кәсіпкерлерге арналған «ашық есік» күндері жиі-жиі ұйымдастырылуы тиіс. Оларға бағдарламаның тиімділігі жөнінде ақыл-кеңес, көп мағлұмат берсе, артық болмас. Жыл аяқталуға аз уақыт қалды. Бағдарлама аясында жүзеге асып жатқан жобалардың санын әлі де болса арттыра түсу керек,- деді Бақытжан Әбдірұлы жиын барысында сөйлеген сөзінде.

Фархат ӘМІРЕНОВ.

(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 15 қыркүйектегі нөмірінен оқи аласыз)

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қыркүйек 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30