Лебяжі ауданында көкөніс, бау-бақша өнімдерін өндіру көрсеткіші жылдан-жылға артып келеді. Бүгінде облысымызда өсірілетін бақша өнімдерінің тоқсан пайызы осы ауданға тиесілі. Алайда, өңірдің іскер азаматтары мұнымен тоқталып қалмауға бекінген. Ауданда мал шаруашылығы да мықтап қолға алынуда. Сондай-ақ, кәсіпкерліктің басқа да түрлері дамып келеді. Әлеуметтік салаға да тың серпіліс берілді. Бұл ретте, халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар сәтті жүзеге асырылуда.
«Арманым орындалды!»
Гүлнар Махмұдова - Лебяжі ауданы Бесқарағай ауылының тұрғыны. Ол осыдан төрт жыл бұрын ата-анасымен және кішкентай сәбиімен Өзбекстаннан көшіп келген. Қазақстан елінің азаматтығын алды. Ата-баба жерін аңсап келген Гүлнар есепшілік мамандығы бойынша жұмыс таба алмай, әбден қиналыпты. Биылғы жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен қолға алынған «Еңбекпен қамту - 2020» бағдарламасының жүзеге асырыла бастағандығын естіп, тиісті құжаттарын жинап, қатысуға өтініш білдіріпті.

Данияр ЖҰМАДІЛОВ,
Лебяжі ауданы.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 17 қыркүйектегі номерінен оқи аласыз)