Бұған дейін Екібастұз қаласында наубайханаларды ұнмен тұрақты қамтамасыз ету қиынға соғып келген болатын. Шеттен келетін ұн өндірушілер бағаны өз қалауынша белгілеп, оның арты нанның бағасын тұрақты ұстауға кедергі туғызатын. Ендігі жерде мемлекеттің тікелей қолдауымен бұл мәселе шешімін таба бастады. Осыдан екі апта бұрын Екібастұз жерінде жаңа диірмен кешені іске қосылды. Мұндағы өндіріс түрік технологиясына негізделген. Бидайды сапалы өңдейтін құрал-жабдықтар «Қазагроқаржы» АҚ-ның лизингісі бойынша сатып алынды. Қазірде мұнда шығарылып жатқан ұн сапасы жағынан басқаларынан артық болмаса, кем емес. Ең бастысы, өнімнің бағасы өзгелерден әлдеқайда арзан. Бұған дейін баға мәселесін қозғағанда, «ұнды сырттан сатып аламыз» деп жақауратып келген жергілікті билікке енді халықты ұнмен тұрақты қамтамасыз ету мүмкіндігі туды.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 22 қыркүйектегі номерінен оқи аласыз)

