Биылғы астық шығымдылығы жақсы деп бағалауға болады. азіргі күні облыс бойынша дәнді дақылдардың төрт жүз алпыс мыңнан астам гектары шабылып, 425,8 мың центнер астық бастырылды. Аймақта астықтың өнімділігі әр гектарына шаққанда орташа есеппен 8,1 центнерді құрап отыр.
Тамыз айының соңын ала басталған орақ науқаны ауа райының қолайлы болуынан мерзімінде аяқталатын сыңайлы. Осы аптаның бейсенбісіне дейін өңірде барлық астықтың сексен бір пайызы жиналды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне сүйенсек, оның ішінде 271,5 мың центнер бидай қамбаға құйылды. Қырық екі мың тоннадан астам арпа орылды.
Мұрат АЯҒАНОВ.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 24 қыркүйектегі номерінен оқи аласыз)

