Кеше IV сайланған облыстық мәслихаттың кезекті ХХХVIІ сессиясы өтті. Сессияның күн тәртібінде қаралған негізгі мәселелер облыс әкімі Бақытжан Сағынтаевтың ағымдағы жылдың сегіз айында жеткен жетістіктер мен атқарылған жұмыстар ауқымына арналған есебі тыңдалды. Алқалы жиынға депутаттар, қалалар мен аудан әкімдері, қалалық және аудандық мәслихаттар хатшылары, атқарушы орган басшылары, үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты. Отырыста аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері кеңінен сөз болды. Жеткен оң нәтижелерді одан әрі еселеуге бағытталған алда атқарылатын іс-шаралар жоспары да тілге тиек етілді. Облыстық мәслихаттың салалық тұрақты комиссия төрағалары аймақ басшысының жұмысына оң баға беріп, бірқатар ұсыныс-тілектерін жеткізді. Сонымен бірге, сессияда Павлодар облысының жаңа логотипі қабылданып, бекітілді.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 1 қазандағы номерінен оқи аласыз)

