Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мәселесі облыстық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комисиясының кезекті отырысына арқау болды. Н.Шабрат төрағалық еткен жиында депутаттар өзекті мәселенің төңірегінде ой жүгіртті.
Облыстағы көпқабатты тұрғын үйлердің астамында төбелер мен ішкі инженерлік желілерді, лифтілерді күрделі жөндеуден өткізу қажет. Оларды қалпына келтіру үшін шамамен 30 млрд. теңге жұмсау керек. Мұндай қыруар қаржыны тұрғындар өздері сала алмайды. Десе де, күтімсіз қалып тозығы жеткен баспананы жөндемеске болмайды. Осы орайда Президент тапсырмасы бойынша биылдан бастап елімізде жаңа бағдарлама жүзеге асуда. Оның шарты бойынша ортақ мүлікті жөндеуге қажет қаржы республикалық бюджеттен беріледі. Меншік иелері мемлекеттен 7 жыл мерзімге дейін еш өсімсіз, кепілдік талап етілмейтін қарыз ала отырып, баспана жағдайын жақсарта алады.
Н.ҚАНАТБЕКҰЛЫ.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 4 қазандағы номерінен оқи аласыз)

