Жуықта облыс орталығында өткен «Қазақстан-Сібір 2011» халықаралық көрмесі Қазақстан мен Ресей мемлекеттерінің арасындағы мызғымас татулықтың нышаны іспеттес болды. Көрме аясында Павлодар қаласындағы «Достық үйінде» өткен дөңгелек үстел шарасында Кедендік одақтың мәні мен маңызы, кемшін тұстары анық айтылды. Алқалы жиынға қатысқан мәртебелі меймандардың, жалпы екі ел арасындағы алыс-беріс жайлы айтқан пікірлеріне кеңірек тоқталсақ...
«Кедендік одақ шеңберіндегі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы кәсіпорындарының жаңа мүмкіндіктері және нарық дамуының келешегі» атты дөңгелек үстел шарасында екі ел арасындағы әріптестік турасында әңгіме өрбіді. Новосібір облысы өнеркәсіп және сауда министрлігі, кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің бастығы Т.Мечетинаның айтуынша, Кедендік одақ жұмыс істеген уақыттан бастап Павлодар мен Новосібір облыстарының арасындағы сауда айналымы 15 пайызға артқан
Фархат ӘМІРЕНОВ.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 6 қазандағы номерінен оқи аласыз)

