Шетелдік нарыққа шығарылатын өнімдерді арттыру мақсатында Үкімет «Экспорт-2020» бағдарламасын қабылдаған болатын. Оның шеңберінде сыртқа өнім экспорттайтын өндірушілерге бірталай жеңілдіктер беріледі. Тіпті, бір мәрте өнім шығарып, ресейлік сертификаттарға қол жеткізу үшін қаржылай көмек алуға да болады. Алайда, соңғы екі жылда Павлодар облысынан небары екі-ақ кәсіпорын бағдарламаға қатысуға өтініш беріп, игілігін көрген. Біздің өнеркәсіпті өңір екенімізді ескерсек, облыс өнеркәсіп орындарының неге бұлайша шабандық танытып отырғандары беймәлім. Осы мәселе бейсенбі күні облыс әкімінің бірінші орынбасары Мұрат Оспанов өткізген, облыстың бірқатар кәсіпорын өкілдері бас қосқан жиында қаралды. Отырысқа республика бойынша аталмыш бағдарламаны орындаушы мекеме – «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі агенттігі АҚ департаментінің бастығы Мұхит Шыназаров қатысты.
Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 8 қазандағы номерінен оқи аласыз)

