АРЗАН БАҒА АРМАН ЕМЕС

Алтын, күміс тас екен, арпа, бидай ас екендемекші, қалтасы жұқа қарапайым халық, оның ішінде, әсіресе, зейнеткерлер мен студенттер, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтамасыз етілген отбасылар үшін күнделікті тұтыну тауарлары бағасының сәл болса да қымбаттауы қабырғаға бататын құбылыс. Аймағымызда тұрғындар үшін азық-түлік бағасын тұрақтандырып қана қоймай, біршама арзандату бағытындағы бірқатар тиімді шаралар қолға алынған. Соның бірісервистік дайындау орталығын құру ісі.

Қала жұртшылығы негізгі тұтыну тауарлары бойынша тапшылық көрмеуі тиіс. Ең бастысы, оларға деген баға жылдың қай мезгілінде болмасын тұрақты түрде сақталуы қажет. Осы мақсатта облыс орталығында өткен жылдың шілде айында «Павлодар сервистік-дайындау орталығы» ЖШС құрылған болатын. Кәсіпорын облыстық әкімдік жанындағы «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының құрылымдық бөлімдерінің бірі. Ол бірқатар азық-түлік, ауыл шаруашылығы өнімдері бойынша тұрақтандыру қорын құру ісімен айналысады. Қарапайым тілмен айтқанда, қажетті азық-түлік қорын жинап, артынша оны қала тұрғындарына арзан бағамен босатады. Сөйтіп, алыпсатарлардың тұтыну тауарларына деген бағаны өсіруіне жол берілмейді.

Сервистік-дайындау орталығын құрып, оның жұмысын дамыту ісі әлеуметтік тұрғыдан аса маңызды жоба екендігі сөзсіз. Жалпы, оған қажетті қоймаларды жабдықтап, құрал-жабдықтарды орнатуға 182 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалған. Бүгінде онда өнімдерді сапалы әрі ұзақ мерзімге сақтау үшін заманауи үлгідегі желдеткіш, тоңазытқыш құрылғылары орнатылған. Қоймаларды модернизациялау бағытындағы жұмыстар әлі де жалғасуда.

Атап өтерлігі, биыл жеткізілген өнім көлемі еселеп артып отыр. Салыстырып қарайтын болсақ, өткен жылы дайындау орталығында барлығы 2 400 тонна өнім сақталған. Ал биыл, жиналған өнім көлемі 6 600 тоннаға жетіп отыр. Оның ішінде, 4 800 тонна картоп, 700 тонна сәбіз, 750 тонна қырыққабат, 250 тонна пияз бен 100 тонна қызылша бар. Сондай-ақ, облыстың тұрақтандыру қорына арналған күріш, қант, өсімдік майы сияқты басқа да тұтыну тауарларын сатып алу жоспарланып отыр. «Бұл, өз кезегінде, Павлодар қаласының сауда орындарында сатылатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің нарықтық бағасына мол әсерін тигізбек. Дәлірек айтқанда, мұндағы картоп, көкөністер нарықтық құнынан 15-20 пайызға төмен бағамен босатылады. Бұл ретте, әрбір тауар түріне деген баға облыстық әкімдік, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы, ауыл шаруашылығы басқармасы сияқты басқа да құзырлы орган өкілдерінен құралған арнайы комиссиямен бекітілетіндігін атап өткен жөн», - дейді «Павлодар сервистік-дайындау орталығы» ЖШС директоры Сергей Тилинин.

Қазіргі кезде кәсіпорын қажетті өнімді аймақ шаруаларынан арзан бағамен сатып алып отыр. Ал болашақта картоп, көкөніс өнімдерін өздері өсірмек. Ол үшін, бүгінде 400 гектарға жуық жер телімі бөлінген. Алайда, әзірге қажетті ауыл шаруашылығы техникалары жеткіліксіз. Сол себепті, кәсіпорын басшылығы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына аталған мақсаттарға қажетті қаражат бөлу туралы ұсыныс жолдауға бекініп отыр. Демек, бұл бағыттағы жұмыстар сәтті жүзеге асса, орталық қызметінің тиімділігі одан әрі арта түседі. Себебі, ауыл шаруашылығы өнімі қаланың сауда орындарында тікелей өндірушіден, яғни сервистік дайындау орталығынан босатылса, оның бағасы қазіргіден де арзан болады. «Биылдан бастап, тұрақтандыру қорындағы тұтыну тауарлары желтоқсан айынан бастап-ақ төмен бағамен сатылымға шығарылады. Өткен жылғыдай, нарықтағы бағаның көтерілгендігін күтпейтін боламыз. Бұл үрдіс наурыз айына дейін жалғаспақ. Сол себепті, қала тұрғындары қыс бойы арзан өнімге қарық болады деп сеніммен айта аламыз. Ол үшін өнім көлемі жеткілікті», - деп атап өтті «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының директоры Бақытриза Дүйсембаев.

 

 

Данияр ЖҰМАДІЛОВ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қазан 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31