Арнайы препараттар өзімізде шығарылады

Өкінішке қарай, кей кездері шаруалардың күні-түні талмай еткен еңбектері түрлі зиянкес жәндіктер мен арам шөптердің кесірінен еш болып жатады. Оларға қарсы күресте қауқарсыздық танытып жататынымыз да рас. Себебі, оларды улау шаралары уақытылы жүргізілмейді. Онымен қоса, арнайы пестицидтерге, яғни химиялық улаушы заттарға әркімнің қолы жете бермейтіні де белгілі. Енді бұл мәселе сәл де болсын жеңілдей түсті. Себебі, Павлодар қаласында аталған пестицидтерді шығаратын зауыт іске қосылып, жұмыс істеуде.

«Қазтрасткем» ЖШС-нің негізі 2003 жылы қаланған. Алайда, биылғы жылға дейін олар ауыл шаруашылығы зиянкестеріне қарсы химиялық заттарды сатумен ғана айналысып келді. Үстіміздегі жылы кәсіпорын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының арқасында жаңа жобаны сәтті жүзеге асырды. «Аталмыш мемлекеттік бағдарлама талай жылғы арманымыздың орындалуына себепші болды. 2011 жылдың ақпан айынан бастап арнайы пестицидтердің бірнеше түрін шығаратын цехты іске қостық. Ауыл шаруашылығы саласына арналған бұл химиялық улағыштар көп жылғы зиянкес өсімдіктерді жоюдың таптырмас құралы», - дейді серіктестіктің бас инженері Виктор Полищук. Атап өтерлігі, кәсіпорын өнімі зор сұранысқа ие. Тіптен, көршілес Ресей елінің шаруалары қызығушылық танытып отырған көрінеді. Бүгінде зауыт басшылығы ресейліктермен келісімшартқа отырған. Алдымыздағы жылдан бастап павлодарлық өнім шетел аспақ.

Әзірге, кәсіпорын химиялық пестицидтердің өндірісіне қажетті құрамдас бөліктерді Ресейден әкелетін көрінеді. Дегенмен, В.Полищуктың айтуына қарағанда, бүгінде серіктестік толық өндірістік циклін дамыту ісін қолға алуда.

Павлодар облысын айтпағанда, еліміз бойынша мұндай кәсіпорындар санаулы ғана. Дегенмен, «Қазтрасткем» ЖШС өкілдері негізгі тауар аймақ шаруаларына сатылатынын айтып отыр. Ерекше назар аударарлық жайт - мұндағы өнім бағасы да қолжетімді. Ең бастысы, кәсіпорын басшылығы мұнымен тоқтап қалмақ емес. Қолға алған істерін әрі қарай дамытамыз,-дейді. Зауытта қазірдің өзінде тәулігіне 30-40 тонна өнім шығарылады.

 

Данияр ЖҰМАДІЛОВ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қазан 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31