ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНЕ – 90 ЖЫЛ

Қазақстан қаржы жүйесі биыл өзінің 90 жылдық мерейтойын атап өтпек. Биылғы мереке ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығымен орайлас келіп отыр. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қаржылық бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша иинспекциясы облыс қаржы жүйесінің барлық ардагерлері мен қызметкерлерін кәсіби мейрамымен шын жүректен құттықтайды.

1921 жылдың тамызда Қазақ ССР-нің қаржы Халық комиссариатының құрылымы және оның жергілікті жерлерде бөлімшелері құрыла бастаған болатын. Қазақ КСР-і қаржы жүйесінің құрылуына және дамуына мыңдаған қаржыгерлер қаржы министрлігінің аудандық, қалалық және облыстық құрылымдарында жұмыс істей жүре, өздерінің үлестерін қосты. Оларға қаржы саясаты саласында мемлекет табысын ұлғайту тәсілдері, қаражатты үнемді пайдалану, мемлекет шаруашылығын, банк операцияларын дамыту және жақсарту, сметаларды әзірлеуді және бекітуді бақылау және басқа да міндеттер жүктелді. 1923 жылдың соңында ҚазАССР Қаржы Халық комиссариаты жанында Қаржылық бақылау басқармасы құрылды. Комиссариаттың негізгі міндеттеріне мемлекет қаражатын пайдалану және бюджеттің орындалу жөніндегі есепті тексеру жатады.

Қазіргі таңда, өткен кезеңге көз жүгіртсек, зор әлеуметтік-экономикалық жетістіктерге жеткен Қазақстанның тәуелсіздік алу кезеңін ерекше айтып өтпеске болмайды. Тәуелсіздіктің жиырма жылында еліміз талай жетістіктерге жетіп, бедел-абыройға ие болды.

Осы орайда қаржы жүйесі мамандары мемлекетіміздің тұрақты, бай, дамыған ел болуына себін тигізудеі. Олар Қазақстан қаржыгерлерінің бай жылнамасын жалғастыруда.

Қаржы жүйесі шаруашылықтың барлық саласында қаржы кадрларын дайындауда негізгі буын болып табылды. Лауазымның барлық баспалдақтарын өтіп, Қаржы министрлігінің бұрынғы министрі болып біздің жерлесіміз Александр Сергеевич Павлов болғанын да мақтанышпен айта аламыз.

Өмірбаян түрінде шығарылғанҚазақстан қаржыгерлеріатты кітабы еліміздің қаржы жүйесінде әр жылдары еңбек еткен қызметшілерге арналған. Олардың ішінде қаржылық бақылау инспекциясынан зейнеткерлікке шыққан Қабыкеев Жұмағали Қайырбекұлы және бас маман Кенжетаев Берік Мәукенұлының аттары ерекше аталған. Кадр саясатының негізгі белгілерімаман тәрбиелеудегі сабақтастық, қаржы саласындағы ардагерлердің өз білімдері мен тәжірибелерін жас буынға беру болып табылады.

Қаржылық бақылау ардагерлерінің есімін біз үлкен құрметпен еске аламыз. Олар Павлодар облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының бірінші бастығы Рыбалко Тамара Николаевна, бас бақылаушы-тексеруші Волченко Татьяна Андреевна, қызмет көрсету саласы кәсіпорындарын бақылау бөлімінің бастығы Милейко Светлана Ивановна, Павлодар қаласы бойынша мемлекеттік қаржылық бақылау бөлімшесінің бастығы Молчанова Галина Максимовна, бақылау-тексеру бөлімшесінің бас бақылаушысы-тексерушісі Новикова Валентина Петровна, кадрлар бөлімінің бастығы Гантимурова Александра Яковлевна, бюджет саласын тексеру және бақылау шараларын атқару бөлімінің мамандары Хамзина Қайныкеш Хамзақызы, Қаусов Еркін Басариұлы, қаржылық бақылау инспекциясы бастығының орынбасары Ақылбеков Ахмедья Мұхамедсалықұлы, бас бақылаушы-тексерушілер Резванова Зинаида Алексеевна, Алтынай Қайрболатқызы Түлепова, Алтын Мұзапарқызы Әбенова, Шарапиденов Тәңірберген, 2002-2010 жылдары инспекция басшысы қызметін атқарған Орымбаев Жангелді Айтжанұлы, талдау-есептілік бөлімінің бастығы Қабыкеев Жұмағали Қайырбекұлы.

Инспекция өз ардагерлерін әрдайым құрметтеп, жыл сайын қарттар күнінде жылы лебіздерін білдіріп, сый-құрметтерін жасайды. Биыл да ардагерлерді Қаржы жүйесі қызметкерлерінің 90 жылдық мерейтойы қарсаңында кәсіби мейрамдарымен құттықтап, оларға концерттік бағдарлама ұсынылады.

Павлодар облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының қызметкерлері жұмыстан тыс уақыттарын мәнді өткізіп, салауатты өмір салтын іске асыруға да өз үлестерін қосуда. Оған мысал ретінде Қаржылық бақылау инспекциясы қызметкерлерінің арасында қараша айының 5-де өткізілген аймақтық спартакиаданы атап өтуге болады. Шағын футбол, шахмат, боулинг пен бильярдтан, теннистен өте тартымды да қызықты өткен жарыстарға Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары бойынша қаржылық бақылау инспекцияларының қызметкерлері қатысты.

Қазіргі таңда елімізде аса ірі әлеуметтік-саяси және экономикалық өзгерістер іске асуда. Республикалық және жергілікті бюджеттің орындалу тетіктерін жетілдіру үшін қаржыгерлердің атқарып жатқан еңбектері зор. Олар еліміздің экономикасын алға жылжыту ісінде қажырлы еңбек етіп, Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген барлық міндеттерді табысты іске асыруына атсалысатынына күмән келтірмейміз. Бұған дәлел, Отанымыздың гүлденуі жолында өзінің барлық күш-жігерін, еңбегін сарп ететін еліміздің негізгі байлығы - адамдар екенін естен шығармайық.

Егеменді Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында тойланып отырған Қаржы жүйесінің 90 жылдық мерейтойымен құттықтай отырып, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен ҚР ҚМ Қаржылық бақылау комитеті басшылығына атқарып жатқан еңбектеріңізге қажырлық тілеп, әрқашанда қаржы көрсеткіштері тұрақты өсіп, халық игілігі үшін еңбек ете беріңіздер дейміз!

Қ.АСАНОВ,

Павлодар облысы бойынша

Қаржылық бақылау инспекциясының бастығы.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қараша 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30