ҮЗДІК МАМАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында облыстық қаржы басқармасында «Үздік қаржыгер» байқауы болып өтті. Шараның салтанатты ашылуына облыс әкімінің орынбасары А.Әбдіхалықов, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасының орынбасары А.Маржықбаев, ҚР Мемлекеттік істер жөніндегі агенттіктің облыс бойынша басқармасы төрағасының орынбасары Ғ.Ибрагимов және облыс қаржы басқармасының бастығы Б.Демеуов қатысты.

Облыс әкімінің орынбасары А.Әбдіхалықов қаржыгерлерді кәсіби мерекесімен құттықтап, олардың атқарып жатқан жұмыстары тәуелсіздігіміздің нығая түсуіне септігін тигізетінін айтып өтті. Құттықтаудан соң, өз ісінде жауаптылығымен танылған бірқатар қызметкерлерге облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын табыстады. Марапаттаулар «Нұр Отан» ХДП филиалы мен мемлекеттік істер жөніндегі басқарманың атынан да тапсырылды.

«Үздік қаржыгер» байқауына қаржы басқармасының аудандық және қалалық бөлімдерінің мамандары қатысты. Б.Демеуовтің айтып өткеніндей, байқау жыл бойына өткізіліп, нәтижесінде облыстық сында біліктілігін көрсететін 12 қызметкер іріктелген болатын. Қазылар алқасының шешімімен ақтық мәреде үш жеңімпаз анықталды. Бірінші орын Екібастұз қаласының қаржы бөлімінің қызметкері Жанат Тілеуберлинаға бұйырса, екінші орынды Баянауыл аудандық қаржы бөлімінің тобы (бөлім бастығы Абылайхан Белгібаев), үшінші орынды облыстық қаржы басқармасының маманы Әсем Алдажарова иеленді. Сайыста үздік шыққандарға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.

 

Н.ҚАНАТБЕКҰЛЫ.

 

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қараша 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30