ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ: ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ ЖYЗЕГЕ АСУДА

Cоңғы жиырма жыл ішінде әлем елдері көптеген қаржы дағдарыстарын бастан өткізді. Соның салдарынан әлі де болса, кейбір мемлекеттердің экономикасы тұралап тұр. Енді оларға экономикалық жағдайды жақсарту үшін көп уақыт кетері анық. Бұл ретте, әлемдік қаржы дағдарысына төтеп берген Қазақстан Республикасының ұстанған бағыты баршаға үлгі. «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасы еліміздің экономикалық әлеуетінің даму қарқынын арттырып, даңғыл жолға жетелеуде.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, әлемдік дағдарыс мемлекетіміз үшін де, әрбір қазақстандық үшін де орны толмас өкініш әкеле қойған жоқ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев дағдарысқа қарсы дұрыс жолды таңдап, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын сақтап қалудың амалын қарастырды. Дағдарыстан дүрлігіп, не істейміз деп өткізілген алқалы жиындардың бірінде Мемлекет басшысы: «Қатты жел соғып тұрғанда, қорғаныш қабырғаларын салудың қажеті жоқ - уақыт «жел диірмендерін өзі іске қосады» деген қытай мақалын айтқаны әлі есімде. Дәл сол жиында Елбасы жаңа индустриалды саясатэкономикалық өсуді өнім өндіру арқылы көтеру, энерго үнемдеу, инновациялық жобаларды жүзеге асыру және бәсекеге қабілеттілікті арттыру туралы мәлім етті. Көрегенді шешім қабылданды. Мемлекет басшысының тікелей бастамасымен мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық даму (ҮИИД) бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында миллиардтаған инвестициялар бөліне бастады. Бұл өз кезегінде ұлттық өнеркәсіптің, отандық мұнай-газ секторындағы кәсіпорындардың, тау-кен металлургиялық кешендердің, атомдық және химиялық өнеркәсіптің, машина жасау саласының, фармацевтиканың, ауыл шаруашылығы мен басқа да көптеген салалардың дамуына айрықша ықпал етті.

Бүгінгі таңда жоғарыда аталған ауқымды бағдарламаны тәжірибе жүзінде жүзеге асыруға барлық жағдай жасалған. Дегенмен, алдымызда үлкен меже мен міндет тұр. Бағдарламаның тиімді іске асуы үшін көптеген отырыстар өткізілді, мыңдаған ғалымдар ой бөлісті, бизнес-құрылымдар ашылды. ҮИИД бағдарламасының аясында жаңа жобалар мен өнімдер пайда болды. Бағдарлама істің санында емес, сапасында екенін мықтап түйдірді. Бастысы, болашақ кәсіпорындар қойылған мақсат-міндеттерге сай жұмыс атқаруда. Олардың қатарына экспорттық бағдарлау, сапалы әрі жоғары өнім, төменгі энерго үнемдеу және экологиялық тазалық, қазақстандық өнімді көбейту және бәсекеге қабілеттілік жатады.

Ерекше атап өтерлігі, мемлекет тарапынан қаржылай емес ресурстар да қарастырылған. Экспорттаушыларды, инвесторларды кәсіпкерлік саласына қызықтыратын «Жол картасы – 2020», «Өнімділік – 2020» бағдарламалары өз қызметіне кіріскелі қашан. Мәселен, ҮИИД бағдарламасы бойынша өткен жылы іске қосылған жобалар өз өнімдерін шығарып, кәсіпорындардың арнайы жұмыстарын жетілдіруде. Мемлекетімізде бес жылдық бағдарлама құрылды. Оларбизнес аймақтарын дамыту, индустриаландыру картасы бағдарламалары.

Қазақстан машинажасаушылар Одағы басқармасының төрағасы ретінде атап өтерім, машинажасау саласы индустрияландыру бағытындағы іргелі бағыттардың бірі. 2011 жылдың 4 шілдесінде өткен «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты форумда Елбасы «машинажасау саласы индустрияландыру үдерісінің жүрегі» екенін атап өтті. Шынында да, машинажасау саласы әлем бойынша мемлекеттің технологиялық деңгейін, ұлттық өнеркәсібінің дамығандығын көрсететін бірден-бір бағыт. Сондықтан аталмыш бағыт Үкімет назарынан тыс қалмақ емес. Осыған орай елімізде машинажасауды дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы құрылды. Бағдарлама арқылы жалпы өнім көлемі 74 пайызға, еңбек өнімділігі 1,5 есеге, өнім көлемі 588 миллиард теңгеге артуы тиіс. Бағдарлама жоғары технологиялы және заманауи құрылғыларды жетілдіруге, халықаралық стандарттарға жауап беретін бәсекеге қабілетті жаңа кәсіпорындар ашуға және отандық машинажасау саласын алға бастыруға бағытталған.

Бүгінде машинажасау саласы келесідей көрсеткішпен дамуда. Өткен жылы жалпы өнім көлемі 343 миллиард теңгені құрады, көлем индексі – 159 пайыз болды. 2011 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы көрсеткіш 172 миллиард теңгені құрады. Ал көлем индексі – 129 пайыз.

Тәуелсіздік алған жиырма жыл ішінде Павлодар облысының экономикалық-әлеуметтік деңгейі көтерілді. Павлодар облысы - Қазақстандағы индустриалды аймақтардың бірі. Мұнда, республика бойынша шығарылатын көмірдің 64 пайызы, электр жылуының 44 пайызы, ферроқорытпа өнімінің 76 пайызы, жанармайдың 45 пайызы және алюминийдің 100 пайызы өндіріледі.

«Богатырь Көмір» ЖШС, «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ, «Майкөбен- Вест» ЖШС, «Майқайыңалтын» АҚ секілді кәсіпорындар тау-кен өндірісімен айналысады. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап Павлодар облысы әкімдігінің бастамасымен «Гамма» ЖШС, «Ангренсор» ЖШС, «Төрт-Құдық КБК» ЖШС секілді жаңа кәсіпорындар іске қосылды. «Қазақстан алюминийі» АҚ мен «Қазхром» ТҰК» АҚ-ның Ақсу ферроқорытпа зауыты еліміздегі ең ірі металлургиялық кәсіпорындардың қатарында. Металлургиялық алюминий өндіретін қазақстандық тұңғыш электролиз зауытыҚазақстан электролиз зауыты» АҚ) мен жіксіз құбырлар өндіретін кәсіпорын («KSP Steel» ЖШС ПФ) аймақ экономикасына айтарлықтай өзгеріс әкелді.

Бүгінгі таңда ҮИИД бағдарламасы және облыс әкімдігімен 1202,6 миллиард теңгеге 168 инвестициялық жоба жүзеге асуда. Оның шеңберінде 13833 жаңа жұмыс орны ашылады. 2010 жылы өңірде 100 миллиард теңгеге 30 жоба жүзеге асырылып, 2700 жаңа жұмыс орны пайда болды. Олардың қатарында электролиз зауытының екінші кезегін атап өткен жөн. Жобаның бастамашысы – «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ. Инвестиция көлемі 39,8 миллиард теңге, жобалық қуатыжылына 250,0 тонна алюминий өндіреді. Сондай-ақ, облыста металлургиялық кластерді одан әрі дамытуға мүмкіндік жасалған.

Одан кейін «Қазэнергокабель» АҚ-ында жүзеге асырылып жатқан «Алюминий ширатпасы өндірісін құру» жобасы. Ол үшін 0,3 миллиард теңге көлемінде инвестиция бөлінген. Жобаның жылдық қуаттылығы - 15,0 мың тонна алюминий ширатпасын өндіреді. Жобаны іске асырудағы басты мақсаткабельді-сым өнімдерінің бағасын төмендетуге бағытталған. Ерекше атап өтерлігі, Мембранды әдіспен жылына 30 мың тонна «хлор мен каустик ұнтағын өндіру» жобасы. Жобаға «Каустик» АҚ бастамашы болды. 16,2 миллиард теңге инвестиция бөлініп, 150 адамға тұрақты жұмыс орны ашылды. Мұнда жылына 30 000 тонна каустик ұнтағы, 6 600 тонна натрий гидрохлориді, 26 457 тонна хлор мен 45 000 тонна тұз қышқылы өндіріледі. Каустик содасы мен хлор әлемдік озық технологиялардың көмегімен дайындалады. Қазіргі уақытта ішкі нарықтағы қажеттілік импортпен жабылуда. Жоба нарықтағы химиялық өнімдердің сұранысын қанағаттандыруға бағытталған. Қолданылған инновациялық мембрандық технология экологиялық тұрғыдан қауіпсіз әрі энергияны аз тұтынады.

Аймақтағы өндіруші өнеркәсіп салаларының ілгерінді дамуына облыс әкімдігінің бастамасымен қолға алынған отандық мазмұнды арттыру және импортты алмастыру бағытындағы нәтижелі шаралар мүмкіндік беріп отыр.

Осылайша, 2011 жылы индустрияландыру бағдарламасы аясында жалпы құны 83 миллиард теңге болатын 55 инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. Соның арқасында қосымша 1002 жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Үстіміздегі жылдың маусым айында Елбасының қатысуымен өткен телекөпір барысында «Қазақстанның вагон жасау компаниясы» ЖШС-нің «ҚР-да жүк вагондары өндірісінің қуатын арттыру» жобасы іске қосылды. Инвестиция көлемі - 7,65 миллиард теңге. Өндірістік кешеннің қуаттылығыжылына 3000 вагон. 200 жұмыс орны құрылды.

Аталмыш өндіріс ұлттық тасымалдаушының жүк вагондарына деген сұранысын қанағаттандырып, көліктік машинажасау саласын дамытуға мүмкіндік береді. Зауыттың өндірістік қуаты теміржол саласын вагондармен қамтамасыз етіп қана қоймай, металлургия, химия сияқты басқа да ілеспелі салаларға серпін бермек.

Әлемдік үздік өндірушілердің жоғары технологиялы құралдарымен жабдықталған автоматтандырылған өндіріс болашақта нарық сұранысына байланысты жүк вагондарының басқа да түрлерін шығаруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, «Еурозиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ-да «№2 блокты қайта қалпына келтіру» жобасы іске асырылды. Жобаның жалпы құны 36,8 миллиард теңгені құрады. Шамамен 50 жұмыс орны ашылды.

Болашақта облысымызда Бозшакөл КБКҚазақмыс» корпорациясы) құрылысы сияқты ірі жобалар жоспарланған. Инвестиция көлемі 225,0 миллиард теңгені құрайды. Іске қосу барысында 1500 жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Жобалық қуатыжылына 100,0 мың тонна мыс концентраты.

Бозшакөл КБК-ның іске қосылуы металлургиялық қуатты 45 жылға дейін арттырып, Павлодар облысында мыс өндірісін дамытуға мүмкіндік береді.

Екібастұздық ГРЭС-2-нің үшінші энергоблогының құрылысын атап өткен жөн. Инвестиция көлемі – 113,5 миллиард теңге. Жобалық қуаты – 500МВТ. Бастаманың жүзеге асуымен белгіленген өндіріс қуаты 1500 МВт-қа дейін ұлғаяды. Бұл өз кезегінде бірлескен кәсіпорындардың табысты қызметіне көмек болмақ. Және Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде зор маңызға ие.

Облыс әкімдігінің басты жобаларының бірі Павлодар қаласының солтүстік өнеркәсіп аймағында арнайы экономикалық аумақ құру болып табылады. Ол инвестиция, заманауи технологиялар тартуға, химия, мұнай-химия, металлургия, машинажасау сияқты өнеркәсіптің басқа да салаларын жедел дамытуға көмектеседі. Сондай-ақ, жоғары сапалы, бәсекеге қабілетті өндірісті арттыруға мүмкіндік береді.

Еңбек өнімділігін арттыру арқылы экономиканың басымды секторларындағы өндірістік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған «Өнімділік-2020» бағдарламасының жүзеге асуын атап өткен жөн. Бүгінде 49 кәсіпорын аталмыш бағдарламаға қатысуға ниет білдірді. Облыс әкімдігі бағдарлама үйлестірушісі «Индустрияны дамытудың қазақстандық институты» АҚ-мен бірлесе отырып, 13 кәсіпорынды таңдап алды.

Бүгінде «Ромат» ФК ЖШС, «Нефтехим LTD» компаниясының, «ФорматМашКомпани» ЖШС, «Каустик» АҚ, «Павлодар машинажасау зауыты» АҚ-ның материалдары қарауға алынды. Қазір олар талқыланып, қаржыландыру мәселесі шешілуде.

Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының жүзеге асу механизмдерінің бірі «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы болып табылады. Оның басты мақсатыэкономиканың шикізаттық емес салаларындағы аймақтық кәсіпкерліктің тұрақты дамуын қамтамасыз ету.

Бағдарлама жүзеге аса бастағаннан бері (2010 жыл) бірінші бағыты аясында, яғни «Жаңа бизнес бастамаларды қолдау» бойынша облысымыздың аймақтық үйлестіру кеңесімен 69 жоба мақұлданды. Инвестицияның жалпы көлемі – 4,4 миллиард теңге. Оның ішінде, индустриялық инфрақұрылымды дамытуға 1,064 миллиард теңге болатын 12 жоба мақұлданды.

«Кәсіпкерлік секторды сауықтыру» бағдарламасы бағытының шеңберінде жұмыс тобы 10 жобаны мақұлдады. Олардың қатарындағы 8 жоба бойынша 5,122 млрд. теңге қаражатқа субсидиялау келісімшарттарына қол қойылды.

Аймақтың агроөндірістік кешенінде жеткен жетістіктер баршылық. Қазіргі уақытта 3811 шаруа қожалығы, 320 агроөндіріс бар. Ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы ішкі өнімі 73 есе өсті (60,7млрд. теңгеге дейін).

Аграрлық өндірістердің техникалық қамтамасыз етілуі тұрақты түрде жақсарып келеді. 7 мыңнан аса ауыл шаруашылығы техникасы сатылып алынды. Бүгінгі күні облыс өзін негізгі азық-түлік түрлерімен толық қамтамасыз етуде: ет, сүт, жұмыртқа, ұн, тары, көкөністер мен картоп.

Мал өсіру, егін егу және осы қатарлы салаларда сапалық және сандық көрсеткіштердің жоғарылауы байқалады. Қайта өңдеу кәсіпкерліктері мен цехтарының қуаттылығы сұранысқа ие бола бастады. Ауылдық жерлерде нарықтық инфрақұрылым дамуда. Аграрлық сектордың осы үдерістері ауылдардағы дағдарыс жағдайының алдын алғаны, кадрлық және материалдық-техникалық әлеуеттің тиімді өндіріс үрдісіне қосылғандығы туралы айтуға мүмкіндік берді.

Еліміздің солтүстігінде картоп өсіру бойынша алдыңғы қатарлы болып табылатын аймағымыз жыл сайын өзіндік қажеттіліктерін өтеп қана қоймай, мемлекеттің өзге облыстары мен Ресей Федерациясының шекаралас өңірлеріне де қажетті өнімдерді жеткізе алады.

Соңғы жылдары қазіргі заманғы өнімділігі жоғары техникаларымен машина-трактор парктері жаңартылды, 1448 техника бірлігі сатылып алынды.

Ауыл шаруашылығын тұрақтандыру мен бірқатар мақсатты бағдарламаларды жүзеге асыруға байланысты жасалған істердің нәтижесінде мал шаруашылығындағы мал түрлерінің барлығы тұрақты өсуде.

Мал шаруашылығы саласы өнімдерінің көлемі артуда, мәселен, ет өндіру жылына 750 мың тоннаға дейін (2000 жылғы деңгейге 176 пайыз), сүт 350 мың тоннаға дейін (146 пайыз), жұмыртқа 186 млн. данаға (284 пайыз), жүн 900 тоннаға (150 пайыз) дейін артты.

Инвестиция құю нәтижесінде жаңа мал өсіру нысандары жыл санап қатарға қосылуда. 2010 жылы 3 сүт-тауарлы ферма жетілдірілді, ал үстіміздегі жылы 400 басқа арналған сүт-тауарлы ферма мен 2 бордақылау алаңы пайдалануға берілді. 2016 жылға дейін инфрақұрылымы дамыған 4 типтік бордақылау алаңдарын пайдалануға беру жоспарлануда.

Ет өнімдері бойынша облыс тұрғындары 119 пайызға, сүтпен 178 пайызға, бидаймен 261 пайызға, тауарлы жұмыртқамен 179 пайызға, ұнмен 120 пайызға, макарон өнімдерімен 169 пайызға, арпамен 377 пайызға, картоппен 448 пайызға қамтамасыз етілді.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көрсеткіштерін тұрақтандырумен қатар, қайта өңдеу саласын дамыту үшін оңтайлы мүмкіндіктер туындауда. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен айналысатын кәсіпорындарды құру мен дамытуға қолдау көрсету мақсатында саланы техникалық қамсыздандыру және жетілдіру бойынша жұмыстар жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өнімдері көлемін арттыру, өнімнің дизайны мен сапасын, импортқа орналасуын жақсарту арқылы тауардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша да көптеген істер тыңдырылуда.

Облыста ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша 402 цех, 320 дайындау пункті, жалпы көлемі 116,3 мың тонналық 89 көкөніс сақтау орындары жұмыс істейді.

Қайта өңдеу кәсіпорындарының өндірістік әлеуеті халықты жергілікті азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ете алады.

Инфляцияға және дағдарысқа қарсы бағдарламалардың аясында апта сайын үздіксіз ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылып, тамақ өнімдерін өндірушілер бағасымен босататын 15 «әлеуметтік» сауда нүктесі жұмыс істейді.

Соңғы жылдары облыс әкімдігімен бірлесіп 25 инвестициялық жоба жүзеге асты, соның ішінде тері шикізатын қайта өңдеу өндірісін іске қосуға 116,8 млн.теңге, Екібастұз қаласындағы нан-тоқаш комбинатын реконструкциялау үшін 1113,5 млн.теңге, Ақтоғай ауданындағы көкөніс сақтау қоймасының құрылысы үшін 465,5 млн.теңге инвестиция тартылды.

2011 жылдың соңына дейін жалпы құны 5,1 млрд. теңгені құрайтын 31 инвестициялық жоба жүзеге асатын болады. Нәтижесінде, 320 жұмыс орны ашылмақ. Атап айтар болсақ, 2 диірмен кешені, 4 қайта өңдеу өндірісінің нысаны, 9 көкөніс сақтау қоймасының құрылысы, шағын жылыжай алаңдары, 30 000 тонна астық сақтайтын элеватор, сүт-тауарлы ферма, 2 қасапхана және басқа да нысандар қайта жаңартылып, тұрғындар еңбекпен қамтылуда.

Жыл сайын агроөнеркәсіп кешенін дамытуға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, барлық деңгейдегілер үшін бюджеттен 3,3 млрд.теңге бөлінді. Соңғы 5 жылда субсидия және басқа да төлемдер екі есеге көбейді.

Соңғы жылдары 20 жаңа денсаулық сақтау мекемесі пайдалануға берілді, оның 11-і ауылдық жерлерде орналасқан. Сондай-ақ, 15,5 мың орындық 30 мектеп салынды. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 2001 жылы 17 пайыз болса, 2011 жылы 85 пайызды құрады. Мәдениет мекемелерінің саны 271 нысанға артты. Сонымен қатар, қайта жөнделген және салынған 328 спорт мекемесі тұрғындар игілігіне берілді.

Бүгінгі таңда Павлодар өңірі экономикалық және әлеуметтік саладағы даму көрсеткіштері жағынан республикада алдыңғы қатарда тұрған облыстардың бірі. Әсіресе, аймақта қайта өңдеу саласына ерекше назар аударылуда.

Аймақ басшысының еңбегінің арқасында облыстың әкімшілік орталығы көркейді. Қуантарлығы, технологиялық тұрғыда қамтамасыз етілген сәулет нысандары көптеп бой көтерді. Атап айтар болсақ, жаңа мектептер, балабақшалар, ауруханалар, спорт кешендері ашылып, тұрғындарға қызмет көрсетуде. Осындай жемісті істер - шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істейтін азаматтардың еңбегі. Сондай-ақ, облыс орталығындағы көшелер мен инфрақұрылым нысандары да күн санап өзгеруде. Менің ойымша, бұл жетістік облыс басшылары мен қала азаматтарының әлеуметтік-экономикалық тұрғыда бірлескен күшінің нәтижесінде мүмкін болды.

Қорытындылай келе, Мемлекет басшысының индустрияландыру бағдарламаларын жүзеге асыруға бағытталған бастамасыкәсіпкерлікті қуатты қолдау екенін айтқым келеді. Екі жыл қатарынан Үкіметтің қатаң бақылауы бойынша елімізде жаңа кәсіпорындар ашылып, бұған дейін болған өндірістік нысандар жаңартылуда. Осының арқасында «Қазақстанда жасалған» бренд белгісімен бәсекеге қабілетті тауар шығару ісінің дұрыс жолға қойылғанына көзіміз жетті.

Осындай ірі индустрияландыру қозғалысы өзге де күштерді жандандырды. Ірі бизнеспен қатар шағын және орта бизнес саласын да дамытуға мол мүмкіндік туды. Елбасы мемлекеттің болашағына бей-жай қарамайтын азаматтар мен бизнес өкілдеріне әрдайым қолдау көрсетіп келеді.

Мұндай толағай табыстарға халықтың шексіз қолдауы мен төзімділігінің арқасында қол жетті. Әрқайсымыз осы жиырма жылдағы жетістіктеріміздің оңайлықпен келмегенін мойындаймыз. Бұған Елбасының сарабдал саясатының нәтижесінде жеткенімізді мақтанышпен айта аламыз.

Алдымызда үлкен істерді орындау мақсаты тұр. Елбасы халықтың қауіпсіздігіне ғана емес, оның әл-ауқатын көтеруге де баса мән беруде.

2016 жылға дейін біздің мемлекет жоғары табыс деңгейі бар елге айналуы керек. Біз жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімді 15 мың долларға дейін арттыруымыз қажет. 1994 жылғы көрсеткішпен салыстыратын болсақ, ел экономикасы бүгінде 13 есе, яғни жан басына шаққанда 700 доллардан бастап 10 мың долларға дейін артты. Бұл көрсеткіштер жай ғана сандар мен фактілер емес.

Мейрам ПІШЕНБАЕВ,

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты,

Қазақстан машинажасаушылар Одағы басқармасының төрағасы.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қараша 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30