ТЕҢГЕ АТАУЫ ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

Біздің республикамызда көптеген мемлекеттік және кәсіптік мерекелерден басқа 15 қараша күні атап өтілетін Ұлттық валюта - теңге күні бар. Мемлекетіміздің тәуелсіздігіне 20 жыл толып, қазақ валютасының өз тарихы қалыптаса бастады.

1991 жылы «дизайнерлердің» арнайы тобы құрылды. Ол арнайы топтың құрамында Меңдібай Алин, Тимур Сүлейменов, Агимсалы Дүзелханов, Досбол Қасымов және Хайрулла Ғабжәлелов сияқты азаматтар болды. Теңгенің алғашқы партиясы Англияда шықса, тұңғыш тиындар Германияда дайындалды.

Алғашқы уақытта мемлекетіміздің валютасын «сом» деп атау жоспарланған. Кеңес тұсында халқымыз рубльді осылай қазақ тіліне аударғаны мәлім. Бірақ та, 1993 жылы Қырғызстанда қырғыз сомы енгізілгеннен кейін, Қазақстан валютасын «теңге» деп атауға шешім қабылданды. Бұл сөз ортағасырлық түрік күміс монетасы «денге» немесе «таньга» атауларынан шықты. Осы сөздерден «деньга» «деньги» атты орыс монетасының атауы пайда болды.

1993 жылы 12 қараша күні Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Жарлығы шықты. Екі жыл өткеннен кейін, 1995 жылы Қазақстанда банкноттық фабрика ашылды.Осы кезден бастап теңге банкнотының дизайны өзгеріп, сонымен қатар, мерейтой банкноттары да басылып шыға бастады.

Осылайша, 2001 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған бес мыңдық мерейтой банкноттары басылып шығарылды. 2010 жылдың қаңтар айынан бастап мың теңгелік атаулы банкноттар пайда болды, 17 қаңтарда жетінші қысқы Азия ойындарына арналған Қазақстанның ұлттық банкі екі мың теңге банкноттарын басып шығарды. 2011 жылдың 25 мамыр күні Ислам Конференциясының Ұйымдарындағы Қазақстан өкілдігіне арналған мың теңгелік және 4 шілдеде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып он мың теңгелік жаңа валютамыз пайда болды. Сонымен қатар, ақша дизайны да өзгеріп отырды. Республикамызда мерейтойлық және жәдігерлік ақша бірлесіп жүреді. Бұл монеталардың төлем қабілеттілігі бар және монеталар шектеулі таралымда шығарылған. Олар Қазақстан Республикасының аумағында және шет елде коллекциялық құнмен сатуға арналған.

 

Бақытжан ЖАҢАБЕРДИНОВА,

әділет жүйесінің аға лейтенанты.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қараша 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30