ТАБЫСТЫ ІСТЕР ЖАЛҒАСЫН ТАБАДЫ

 

Павлодар қаласы маңында еркін экономикалық аймақ құрылмақ. Осынау жағымды жаңалық облыс әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен өткен мәжіліс барысында жария етілді. Алқалы жиын өңіріміздің биылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысына арналды. Жыл басынан бері нендей көрсеткіштерге қол жеткіздік? Қандай жетістіктер бар? Қай сала бойынша жұмыстарды жетілдіре түсу қажет? Осы және басқа да мәселелер аталмыш жиынның негізгі әңгіме өзегіне айналды.

Бірден атап өтерлігі, ұлық мереке - ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығын толайым табыстармен қарсы алғалы отырмыз. Мысалы, индустриялық даму бойынша аймағымыз әдеттегідей республикада үздіктер қатарында. Жалпы биыл, үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында инвестиция көлемі 83,3 миллиард теңгені құрайтын 54 жоба өміршең етілмек. Оның ішінде 33 жоба бүгінгі күнге дейін іске қосылса, қалған 21-і жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Мамандардың айтуына қарағанда, қазір тек тиісті құжаттарды ретке келтіру ісі ғана қалған. Сондай-ақ, бүгінгі кезде аймақтық және респуликалық Индустрияландыру картасына енген 65 жоба жүзеге асырылуда. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының да облысымыздағы аяқ алысы көңіл көншітерліктей. Аталмыш бағытқа облысымыз үшін республикалық бюджеттен 1014,745 миллион теңге бөлініпті.

Мәжіліс барысында жиналғандар жағымды жаңалыққа куә болды. «Кеше ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен республикалық бюджеттік комиссияның мәжілісі болып өтті. Аталмыш комиссия Павлодарда еркін экономикалық аймақ құру туралы бастаманы мақұлдады. Енді біз соған байланысты Үкімет шешімін күтіп отырмыз. Меніңше, тиісті қаулы жыл соңына дейін, желтоқсан айында қабылданады. Соның арқасында, келесі жылы үдемелі индустриалды-инновациялық даму бойынша бағдарламамыз бұдан да ауқымдырақ болады», - деп атап өтті облыс әкімі Б.Сағынтаев. Яғни, өндірісті Павлодар облысының өнеркәсіп саласы одан әрі өркен жаяды деген сөз. Бұл, өз кезегінде, аймақ экономикасының қарқынды дамуына мол септігін тигізеді.

Аймағымызда ауыл шаруашылығы тұрақты дамып келеді. Үстіміздегі жылдың он айы ішінде аталмыш саладағы жалпы өнім көлемі 75 миллиард теңгеден асқан. Бұл жоспарлы межеден едәуір жоғары көрсеткіш. Жыл сайын мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығы саласына көрсетілетін қолдау артып келеді. Соның арқасында өндірілетін өнім көлемі молайып, сапасы да артуда. Атап айтар болсақ, биыл аймақ шаруалары 459,6 мың тонна астық жинады. Өткен жылғымен салыстырғанда аталған көлем шамамен екі есеге көп. Мал басы да артуда. Онымен қоса, жыл басынан бері облысымыздың агроөндірістік кешенінде 20 жоба жүзеге асырылды. Қалған бір жарым айда тағы 12 нысан іске қосылады деп күтілуде. Алайда, бұған тоқмейілсуге болмайды, деп ескертті облыс әкімі Б.Сағынтаев. «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жақында өткен агроөнеркәсіп жұмысшыларының республикалық форумында аталмыш саланы мемлекеттік қолдаудың жаңа механизмдерін құруды тапсырды. Бұл ретте, ел Президенті аграрлық саланың қайта өңдеу өндірістерін, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға баса назар аударды. Сондай-ақ, ауыл тұрғындарының тұрмысына мән берілуі тиіс деді. Сол себепті, біз де аймағымызда осы бағыттардағы жұмысты жетілдіре түсуіміз қажет», - деді аймақ басшысы.

Жыл соңына дейін өңірдегі жұмыссыздық деңгейінің көрсеткіші небары бес пайыздан аспайтын болады. Шара барысында осындай мәлімдеме жасаған облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Владимир Берковский бұл бағытта бірқатар игі істердің атқарылып жатқандығын тілге тиек етті. Мысалы, биыл үш мыңнан астам жұмыссыз тұрғын бюджет есебінен арнайы дайындау және қайта дайындау курстарынан өтіп, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандық алып шыққан. Және барлығы жұмыспен қамтылып отыр. Осы ретте, облыс әкімі келесідей бастама көтерді. Бұдан былай аталған бағыт бойынша таза ауызсумен қамтамасыз етуші кешенді блок модуль (КБМ) операторларын оқыту ісі жолға қойылуы тиіс. Бұған дейін тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету бағытында облысымыздың әр аудандарында КБМ-дер орнатылған болатын. Бірақ, елді мекендерде оларда жұмыс істейтін білікті мамандар жоқ. Соның салдарынан қондырғылар күтім көрмей, істен шығуда. Енді бұл олқылықты қалай да түзету қажет.

Аймақ тұрғындары биыл қолға алынған «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының игілігін молынан көруде. Оның аясында облыс бойынша тұрмысы төмен отбасыларға арналып екі жүзден астам үй (632 пәтер) бой көтермек. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 2906,4 миллион теңге бөлінген. Облыс әкімі аудандар мен қалалар әкімдеріне құрылыс жұмыстарын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды. Сондай-ақ, аудандарда шағын кәсіпкерлік нысандары көптеп іске қосылуда екенін атап өтті.

Жыл басынан бері аймақ экономикасының барлық салаларында тұрақты даму байқалады. Есептік кезеңде өндірілген жалпы аймақтық өнім көлемі 574,1 миллиард теңгені құраған. Өткен жылғымен салыстырғанда 16 пайызға жоғары көрсеткіш. Жан басына шаққандағы табыс көлемі бойынша облысымыз республикада үздік алтылық санатында. Әлеуметтік саланың әлеуеті де артып келеді. Мысалы, білім беру саласы бойынша бүлдіршіндерді балабақшамен қамтамасыз ету көрсеткіші жоғарылауда. Бүгінде облыс бойынша 2-6 жас аралығындағы балалардың сексен пайызға жуығы мектепке дейінгі білім беру мекемелерімен қамтылып отыр. Ал Железинка, Успен, Қашыр аудандарында бұл көрсеткіш жүз пайызды құрайды.

Денсаулық сақтау саласында да ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктер баршылық. Ең бастысы, туберкулез, нашақорлыққа шалдығу көрсеткіштері төмендеп келеді. Биыл туберкулезден көз жұмған тұрғындар саны 37,1, қатерлі ісіктен жапа шеккендердің саны 1,6 пайызға азайды, дейді мамандар. «Бұл көңіл көншітерліктей жағдай. Тұрғындардың денсаулығы қашан да басты назарда болуы тиіс. Осы тұрғыдан алғанда денсаулық сақтау саласына қомақты қолдаулар көрсетілуде. Атап айтар болсақ, үстіміздегі жылы аталмыш салаға қажетті жаңа құрал-жабдықтарды сатып алуға 1,5 миллиард теңге қаражат бөлінді. Осының барлығы игі өзгерістерге алып келіп отыр. Дегенмен, мұнымен тоқтап қалмай, бұл бағыттағы табысты істерді жалғастыру қажет», - деді облыс әкімі Б.Сағынтаев.

Мәжіліс барысында жылыту маусымы, баға саясаты мәселелері де сөз болды. Күнделікті тұтыну тауарларына деген баға бір қалыпты сақталып тұруы тиіс, деп ескертті аймақ басшысы. Ең бастысы, облыс тұрғындары Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейтойын көтеріңкі көңіл күйде қарсы алулары тиіс.

Данияр ЖҰМАДІЛОВ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қараша 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30