БАҒДАРЛАМА ҚАРҚЫНЫ БӘСЕҢДЕМЕЙДІ

Елімізде үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы қарқынды жүзеге асырылуда. Аталмыш бағдарламада Екібастұз қаласының алатын орны ерекше. Себебі, индустриалды бағытты ұстанған кеншілер қаласы Қазақстанның ірі отын-энергетикалық кешені болып табылады.

Бағдарламаның бірінші кезеңінде, яғни өткен жылы біздің өңірде 12 жоба ғана болса, қазіргі таңда 31 жоба қолға алынған. Оның 10-ы республикалық Индустрияландыру картасына енеді және жалпы сомасы 674,1 миллион теңгені құрайтын 21-і - өңірлік маңызы бар жобалар. Электрмен жабдықтау, тау-кен өндірісі, машинажасау, азық-түлік өндірісі, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу салалары бойынша 10 жоба қарастырылған. Сондай-ақ, кәсіпорынның қондырғыларын жаңарту мен жобалық қуатын кеңінен пайдалануға бағытталған 21 жоба бар.

Бүгінде мемлекеттік бағдарлама  бойынша он жоба пайдалануға берілсе, ағымдағы жылдың екінші жартысында тағы үш жоба іске қосылмақ. Он үш жобаның жалпы инвестиция көлемі 30,3 миллиард теңгені құрамақ.

2010 жылы өңірде құны 17,5 миллиард теңге тұратын бес жоба іске асырылды. Атап айтқанда, нан-тоқаш өнімдерінің өндірісі, «Богатырь» кеніші мен «Төртқұдық» кен байыту комбинатындағы көлік жолын қалпына келтіру, «Шығыс» кенішіндегі циклді-ағындық аршу кешенінің құрылысы, МАЭС-1-де №5 энергоблоктың монтаждау жұмыстары аяқталды. Кәсіпорындар біртіндеп толық жобалық қуаттарына көшірілуде.

Жуырда ашылған «Қазақстан вагон жасау компаниясы» ЖШС өңіріміздегі машинажасау саласына жаңаша серпін берді. Жартылай жабық жүк вагондарын шығаратын кәсіпорын өндірістің бірінші кезеңін жүзеге асыра бастады.  Жобаның құны – 7,6 миллиард теңге. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына үш мың жартылай жабық вагон шығаруға лайықталған.

Өндіріс ерекшелігі, оның инновациялық бағытта болуы, тарқата айтқанда, құрастыру кезеңінде роботтар мен микропроцессорлардың қолданылып, барлық өндірістік үрдістің автоматтандырылуында. Компания өткен жылдың маусымынан бастап бүгінгі таңға дейін 119 жартылай ашық вагон шығарған. Жылдың соңына дейін құны 1,5 миллиард теңге тұратын 25 вагон шығарылмақ. Компания «Қазтеміртранс» АҚ-на үш жылдың ішінде 6000 жартылай жабық вагон жеткізіп беруге келісімшарт жасаған. Кәсіпорын толық қуатына көшкенде, жұмысшылар саны 555 адамға жетеді, қазір қосымша 343 жұмыс орны ашылған.

2010 жылы жүзеге асырылған жобалардың өнеркәсіптік өнім көлемінің 1,9 миллиард теңгеге артуының арқасында мемлекет қазынасына 205 миллион теңге қаржы құйылды.

2011 жылы Индустрияландыру картасы бойынша жалпы сомасы 12,5 миллиард теңге тұратын сегіз нысан іске қосылмақ. Қазіргі таңда оның бесеуі аяқталған. «Атығай» станциясы салынып, Жүк тиеу станциясы қалпына келтірілген.  Жоба авторы – «Ангресор» ЖШС. Ол көмірді тасымалдау бойынша жүк айналымын жылына 4 миллион тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Өз жұмысын бастап кеткен «Еркен» шаруа қожалығының диірмен кешені (жоба құны – 28 миллион теңге) бүгінде 200 тонна ұн өндіріп, қала базарларына сатылымға шығаруда.

 «Үміт» ЖШС-де екі көкөніс қоймасы қалпына келтіріліп, қысқа сақтауға 6,7 мың тонна картоп пен пияз салынды.

Жыл соңына дейін Екібастұз МАЭС-1-дің №6 энергоблогында электрсүзгісі орнатылса, МАЭС-2-де ашық таратқыш құрылғы құрылысы аяқталады. Ал «Корунд» ЖШС дайын металл бұйымдарды әзірлеу өндірісін жаңартпақ.

Ағымдағы жылы ірі инвестициялық жобалар құрылысы басталды. Оның ішінде ерекше атап өтетіні - Екібастұз МАЭС-2-нің №3 энергоблок құрылысы (жоба құны – 113,5 миллиард теңге). МАЭС-2 Қазақстандағы жалпы электр қуатының сегіз пайызын өндіріп отыр, жаңа энергоблоктың іске қосылуы станцияның қуатын 1000 мегаваттан 1630 мегаватқа арттырмақ.

Инновациялық технологиямен теміржолдың жоғары бөлігіне қажетті құрал-жабдықтар шығаруды көздейтін «Проммашкомплект» ЖШС-дегі жобаның құрылысы да қызу. Келешекте жылына 1000 дана жол айырғыш тетік пен 2000 дана жөндеу жиынтықтарын, 1000 дана теміржол рельстерін бағыт­тау­ға арналған                  құ­ралдар шығарылып, 48200 дөңгелек өңделеді. Жаңа зауыттың жобалық құны 95 миллиард теңге. Ағымдағы жылдың соңына дейін жабық жүк көтергіш эстакадасын іске қосу жоспарланған. Кәсіпорын 2012 жылы ашылады деп күтілуде.

Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын сәтті жүзеге асыру нәтижесінде негізгі капиталға жұмсалған инвестиция көлемі тоғыз айдың ішінде 49,9 миллиард теңгені құрады. Бұл - өткен жылғы көрсеткіштен 1,8 есе артық. 2011 жылдың соңына дейін негізгі капиталға 73,2 миллиард теңге инвестиция құйылмақ.  

Өнеркәсіптік өнім 2,2 миллиард теңгеге артып, бюджетке 250 миллион теңге қаржы түседі деп күтілуде. Кәсіпорындар жыл басынан 300 тұрақты жұмыс орнын ашса, энергоблок құрылысы кезінде 750 уақытша жұмыс орны құрылады. Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде 2012 жылдан бастап 2014 жылға дейін электр энергетикасы саласында 307,6 миллиард теңге тұратын 11 жоба қолға алынады. 2016 жылға дейін МАЭС-1 энергоблоктары (1995 жылдан бастап істен шыққан) пайдалануға беріледі. 2012 жылы №8, 2014 жылы №2, 2016 жылы №1 энергоблоктары қалпына келтіріліп, №№3, 4, 7  энергоблоктардағы электр сүзгілері іске қосылмақ. Бұл - электр станциясының толық жобалық қуатына жетіп, жылына 4000 мегаватт қуат өндіруіне жол ашады. №3 энергоблоктың салынуы арқасында Екібастұз МАЭС-2-нің қуаты арта да түспек.

Нәтижесінде 2014 жылы электр энергиясын өндіру көлемі 4,5 миллиард кВт/сағатқа жетсе, 2016 жылы 9,1 миллиард кВт/сағатқа дейін артады.

Өңірдің өңдеу өнеркәсібін дамытуда төрт жобаның, нақтылай айтқанда Бозшакөл кен байыту комбинаты (жобаның құны – 225 миллиард теңге), кешенді қорытпалар зауыты (43,5 миллиард теңге), табақ шынылар өндірісі (20 миллиард теңге), эмульсиялы жарылғыш заттар өндіру зауытының (2,2 миллиард теңге) енгізілуі оңтайлы әсер етері сөзсіз.

Жалпы, Екібастұздағы өнеркәсіптік өндіріс көлемі 2014 жылы 68,9 пайызға артса, 2016 жылы 2,1 есеге ұлғаймақ. Өңірдің инвестициялық салымдары 2014 жылы 1,8 есе, 2016 жылы 3 есе артады. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, өңірімізде үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы қарқынды дамуда.

Торғын ОРАЗАЛЫ,

                     Екібастұз қаласы.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қараша 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 26 27
28 29 30