ХИМИЯ ӨНЕРКӘСІБІ ДАМЫТЫЛАДЫ облыс орталығында еркін экономикалық аймақ құрылмақ

Өңірімізде «Павлодар» атты еркін экономикалық аймағы құрылады. Ол облыс орталығының солтүстік өнеркәсіп ауданындағы «Каустик» АҚ базасында орналаспақшы. Болашақ экономикалық аймақтың жалпы аумағы 3300 гектар жерді құрайды. Бұл туралы облыстық өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасында өткен қоғамдық тыңдауда мәлім болды.

Жоғарыда аталған басқарма бастығының орынбасары Мырзажан Үсеновтің айтуынша, арнайы аймақ құрудағы басты мақсателіміздегі химия және мұнай-химия өнімдерінің сұранысын қанағаттандыру. Сондай-ақ, бәсекеге қабілетті өнім өндіріп, оның сапасы мен құрамын жақсарту.

«Павлодар» еркін экономикалық аймағын құру үшін 4,5 миллиард теңге көлемінде қаржы қажет. М.Үсеновтің берген ақпаратынша, 2,5 миллиард теңге техника-экономикалық жобаға және экологиялық бағыттарға жұмсалмақшы. Еркін экономикалық аймақ құрудың алғашқы кезеңінде автоматтандырылған мемлекеттік мониторинг ұйымдастырылады және қаланы күл-қоқыстан қорғайтын солтүстік жасыл аймағы іске қосылады.  Аймақ құрылған жағдайда бюджетке жылына 3 миллион теңге көлемінде салық түседі. Екі мың адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылады. Облыстағы жалпы өнім өндіру көлемі 11,5 пайызға ұлғаяды. Ерекше атап өтерлігі, жобаны  қаржыландыру республикалық бюджеттік комиссиямен бекітілді. Енді, шамамен алты жарым жылдың ішінде Павлодар қаласынан он шақырым жердегі аумаққа химия өнеркәсібімен айналысатын 20 кәсіпорын бой көтереді.

Алдағы уақытқа жоспарланған жұмыстардың бірізаман талаптарына сай химия паркін ашу. Ол «Каустик»АҚ негізінде дүниеге келеді. Жиында парктің Германияның Леверкузен қаласындағы химия паркімен ұқсас болатындығы мәлім етілді. Химия өнеркәсібі еліміздегі ауқымды экономикалық бағыттардың бірі. Сондықтан, аталған саланы дамыта отырып, химия, мұнай-химия өнімдерінің экспорт көлемін ұлғайтуға мүмкіндік бар.

Ф.ӘМІРЕНОВ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қараша 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 26 27
28 29 30