ЭЛЕКТР ҚУАТЫНА МҰҚТАЖДЫҚ БОЛМАЙДЫ

Жыл соңына дейін 550 киловаттық «Екібастұз - Шүлбі ГЭСӨскемен» бағытындағы әуе электр желілерінің құрылысы басталмақ. Аталмыш жоба Қазақстан Республикасы Үкіметінің электр энергетикасын дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасының  және «KEGOC» (Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы) акционерлік қоғамының ұзақ мерзімді даму бағдарламасының аясында жүзеге аспақшы.

 Құрылыс жұмыстарына аталған акционерлік қоғамның есебінен 42,5 миллиард теңге қарастырылған. Әуе желілері 2017 жылға қарай іске қосылмақшы. Бұл туралы Екібастұз қаласындағы «KEGOC» АҚ-ның солтүстік жүйеаралық электр тораптары филиалында өткен жобаның қоршаған ортаға әсерін алдын ала бағалау жөніндегі қоғамдық тыңдауда мәлім етілді.

Жобаның басты мақсатыСолтүстік-Шығыс қимасындағы желілердің өткізгіш қабілеттілігін арттыру болып табылады. Яғни, жоба Шығыс Қазақстан облысының қуат жеткіліксіздігін жоюды қамтамасыз етіп, Ресейдің бірыңғай электр желілері арқылы жеткізілетін электр энергиясынан бас тартуға мүмкіншілік береді. Әуе желілері жолының өтуі солтүстікшығыста, яғни Павлодар мен Шығыс Қазақстан облыстарының шегінде белгіленген. Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысы еліміздің бірыңғай электр  желілерімен электрлік байланысы 220                 кВт-тық ЕЭКҚС 51 транзиті бойынша, сондай-ақ, Ресей Федерациясының аумағы арқылы өтетін 500 кВт-тық ЕЭКРубцовскӨскемен әуе желілерімен қамтамасыз етіледі. Аталған әуе желілерінің өткізу қабілеті                      800 МВт-ты құрайды. Апаттық жағдайларда, яғни 500 кВт-тық РубцовскӨскемен әуе жолдары ажыратылған кезде, қуат көзі 300 МВт-қа дейін кемиді. Бұл - облысты ресейлік электр энергиясына тәуелді етеді. Жобаның іске асырылуы солтүстік-шығыс қимасындағы тораптардың өткізу қабілетін 1640 МВт-қа дейін ұлғайтады. Сонымен қатар, жоба контрреттеуші Бұлақ ГЭС-сын енгізген кезде Шүлбі ГЭС-нің толық қуатын беруді қамтамасыз ету үшін қажет. Ерекше атап өтерлігі, жобаланатын қосалқы станциялар мен әуелік электр жеткізу желілері ерекше қорғалатын табиғи аймақтарда орналаспаған. «KEGOC» АҚ күрделі құрылыс жұмыстары департаментінің бас менеджер-үйлестірушісі Сергей Смыктың айтуынша, әуе желілерінің құрылыс жұмыстарына заманауи құрылғылар пайдаланылады. Шетелде жасалған озық технологиялар арқылы сапалы электр желілерін орналастыруға мол  мүмкіндік бар.

«KEGOC» АҚ инновациялық-технологиялық бөлімінің бас маманы Ардақ Жағыпарованың айтуынша, жобаның құрылыс жұмыстары барысында экологиялық талаптар сақталады. Маманның пікірінше, электр желілерінен ауаны бұзатын зиянды заттар бөлінбейді. Құрылыс материалдарының қалдықтарын түгелдей жинап алу көзделіп отыр. Жобаны жүзеге асыру барысында санитарлық тазалық жұмыстары жіті қадағаланады.

Қоғамдық тыңдау жиынында жергілікті ақпарат құралдарының өкілдері, энергетика саласының мамандары жобаға қатысты өз пікірлерін білдірді. Шараға қатысушылардың басым бөлігі жобаның тиімділігі зор екенін алға тартты. Мұндай қоғамдық тыңдаулар алдағы уақытта Шығыс Қазақстан облысында ұйымдастырылатын болады.

Фархат ӘМІРЕНОВ,

Екібастұз қаласы.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қараша 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 26 27
28 29 30