ЖЫЛ ЖЕТІСТІКТЕРІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында кеше облыста ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті. Аграрлық саладағы жылдық жетістіктер қорытындыланып, еңбегімен танылған азаматтар марапатталды.

Салтанатты шараға облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев және облыстық мәслихаттың хатшысы Ринат Гафуров қатысып, мереке иелерін құттықтады.

2011 жыл өңір шаруалары үшін табысты аяқталды деуге толық негіз бар. Алғашқы он айда аймақта жалпы құны жетпіс бес миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда көрсеткіштің жеті пайызға өскені байқалды. Жыл басынан агрокешенде 20 инвестициялық жоба іске қосылса, желтоқсан айы соңына дейін тағы он бір жоба пайдалануға беріледі. Ауыл шаруашылығы саласына биылғы жылы барлық қаржы көздерінен 11,8 миллиард теңге қаражат құйылды. Ет, сүт, нан-тоқаш, жарма өнімдерін шығарумен айналысатын ірі кәсіпорындар республика деңгейінде өткен жәрмеңке шараларына қатысып, өңірді жоғары деңгейде таныстыра білді. Астанадағы Павлодар облысы күндері аясында жергілікті өндірушілер елорда жұртшылығына 800 тонна ауыл шаруашылық өнімдерін апарып, едәуір арзан бағамен сатты.

Облыс әкімінің атап өткеніндей, бүгінде өңірдің мал шаруашылығы саласы тұрақты даму қабілетіне қол жеткізді. Бұған бірнеше ауданда түліктің өнімділігін көбейту мақсатында іске қосылған инвестжобалар айқын дәлел. Ендігі мақсат - тұтастай агроөнеркәсіп саласында инновациялық деңгейді көтеру қажет.

Б.Сағынтаев Елбасының жыл сайынғы Жолдау-ларындағы тапсырмаларын және «Нұр Отан» ХДП-ның жуықта өткен съезіндегі сөйлеген сөзін негізге ала отырып, облыс шаруалары алдына бірнеше міндеттерді жүктеді. Оның ішінде өнімділікті екі есеге көтеру, агроинновация жаңалықтарын қолданысқа енгізу, озық технологиялар негізінде сапалы кадрлар даярлау, жер телімдерін тиімді пайдалану, малдың тұқымдық әлеуетін көтеруге ерекше тоқталды. Сонымен қатар, ауылдық аймақтарды өркендету бағытындағы қолға алынған ауқымды шаруалар жалғаса беретінін жеткізді.

Мерекелік шарада бір топ ауыл шаруашылығы қызметкері облыс әкімінің Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен марапатталды. Сала ардагерлері де сый-сияпаттан құр қалмады. Мал шаруашылығын өркендетуде жетістігімен танылған Успен ауданына және егін шаруашылығын дөңгелетіп отырған Железин ауданына арнайы аталымдар бойынша дипломдар табысталды. Ал Павлодар ауданы инновациялық технологияны қолданысқа енгізуде озық өңір ретінде аталды. Сонымен қатар, облыстық мәслихат пен еліміздегі ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу ұйымдарының кәсіподағы орталық комитеті, облыс ауыл шаруашылығы басқармасы тиісінше марапаттар жасады. Өңірдегі ауыл шаруашылығы жетістіктерін ақпарат құралдарында тұрақты жариялап жүрген бір топ журналист арнайы сыйлықтарға ие болды.

М.ҚАПАНҰЛЫ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Желтоқсан 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
      1 2 3
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31