«КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ –МЕМЛЕКЕТ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ!»

«Инновация мен кәсіпкерлікті дамыту орталығы» КМК директоры Әлия Айтжанова

 

Сәрсенбі күні Павлодар облысы ішкі саясат басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Аналитикалық ақпарат орталығына» қарасты облыстық «Сарыарқа самалы» және «Звезда Прииртышья» газеттерінің қатысуымен «Аймақ айнасы» (aimak-ainasy.kz) ақпараттық порталында «Кәсіпкерлікті қолдау» тақырыбында интернет-конференция өтті. Оған «Инновация мен кәсіпкерлікті дамыту орталығы» КМК директоры Әлия Тәшкенқызы Айтжанова қатысып, оқырмандар сауалына онлайн режимінде жауап берді.

 

ИГОРЬ:

- Сіз басқарып отырған мекеме кәсіпкерлерге нақты қандай қолдау көрсетеді?

Жауап:

- Инновация мен кәсіпкерлікті дамыту орталығы барлық деңгейдегі кәсіпкерлерге кеңес беруге, бизнес жоспар құруға және осы бағытта кездесулер мен көрмелер ұйымдастыруға көмектеседі. Жалпы, кәсіпкерлікті дамытуға байланысты түрлі мәселелер бойынша қаржылық емес көмек көрсетуге мүмкіндігіміз бар.

ДАРЬЯ:

- Кәсіпкерлерді қолдауға байланысты қандай бағдарламаларға қатысасыздар?

Жауап:

- Кәсіпкерлерге барынша қолдау көрсетумемлекет жүктеген міндеттердің бірі. Сондықтан, «Бизнестің жол картасы - 2020», «Жұмыспен қамту - 2020», «Өнімділік - 2020» және үдемелі индустриялық-инновациялық даму, ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамыту сынды мемлекеттік бағдарламалар мен Павлодар қалалық «Отбасылық және әйел бизнесін дамыту» бағдарламасына тұрақты түрде қатысамыз.

ДАМИР:

- Өз ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған жобалар бар ма?

Жауап:

- Кәсіпкерлікпен жаңадан айналысып жатқандар үшін «бизнес-инкубатор» жобасы қызмет көрсетеді. Бұл жоба бизнестің бастапқы сатысында, атап айтар болсақ, ғимаратты жеңілдікпен жалға алуға, офистік қызмет көрсетумен және тұрмыстық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге, сондай-ақ, заңгерлік, бухгалтерлік кеңес беруге көмектеседі.

МАРАТ:

- Сіздердің тараптарыңыздан кәсіпкерлерге сервистік қолдаудың қандай түрлері көрсетіледі?

Жауап:

- Негізінен, біз түрлі бағыт бойынша қызмет көрсетеміз. Мәселен, бухалтерлік, салықтық, статистикалық есеп жүргізу, сапа менеджменті жүйесін енгізу, ақпараттық технологияларға қызмет көрсету және заңгерлік, маркетинг мәселелері бойынша кеңестер береміз.

РИНАТ:

- Сауалым Инновация мен кәсіпкерлікті дамыту орталығының «Отбасылық және әйел бизнесін дамыту» бағдарламасын іске асыруға қатысты. Аталмыш жоба қандай нәтиже берді?

Жауап:

- Бұл бағдарламаның басты мақсаты - тұрғындарды жұмыспен қамтып, әйелдер мен отбасылық бизнесті дамытуға ықпал жасау болып табылады. Сондықтан, талаптанған жандар үшін бағдарламаның берері мол. Осы бағдарлама бойынша 63 адам бизнес негіздерін оқып, оның 52-і өз жобаларын ойдағыдай қорғап шықты. Барлық жеңімпазға бизнестегі жоспарларын жүзеге асыруға мүмкіндік жасалып, әрқайсысына 300 000 теңге мөлшерінде ақшалай грант берілді. Жалпы, аталған бағдарламаға қатысушылар арасынан 10 жеке кәсіпкер, 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестік шықты. Бұл жақсы нәтиже деп ойлаймын.

ЕЛЕНА:

- Сіздерге нарықтағы бәсекелестерді талдау жөнінде маркетингтік зерттеуге тапсырыс беруге бола ма?

Жауап:

- Әрине, біздің орталықтың мамандары көмек көрсетуге әрдайым әзір. Егер, талдау, зерттеу жүргізу, кәсіпорынды дамыту стратегиясы, бизнес жоспар, жарнама және басқа да мәселелер бойынша сауалдар туындаса, Павлодар қаласы, Ленин көшесі, 61 үй мекенжайына келулеріңізге немесе 32-73-17 телефонына хабарласуларыңызға болады.

ЕВГЕНИЙ:

- Орталықта кәсіпкерлер үшін қандай семинарлар өткізіліп тұрады?

Жауап:

- Біздің мекемеде біліктілікті арттыруға, бизнесті дамытуға бағытталған семинарлар көптеп ұйымдастырылады. Айталық, «Сатуды басқару», «Қаржылық есеп», «Еңбекақыны төлеу», «Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру» және басқа да тақырыптар қамтылады. Сондай-ақ, бизнес өкілдерінің қалауы бойынша корпоративтік семинарларға тапсырыс беруге болады.

ДӘУРЕН:

- Болашақта Павлодар қаласында көрме ұйымдастыруды көздеп отырмыз. Осы ойды қалай жүзеге асыруға болады?

Жауап:

- Ол үшін алдымен біздің орталыққа өтініш жазуларыңыз керек. Мұнда арнайы жабдықталған көрме құралдары бар. Оны жинақтау, бұзу, сөздерді жазу және жапсыру жұмысы жалға алу төлеміне кіреді. Біз көрмені ұйымдастыруға қатысты барлық жұмыстарды өз жауапкершілігімізге аламыз.

СЕРІКБОЛСЫН:

-2012 жылдың еншісінде кәсіпкерлікті қолдауға арналған бағдарламалар бар ма?

Жауап:

- Келер жылы мемлекеттік «Бизнестің жол картасы - 2020», «Жұмыспен қамту - 2020» және қалалық «Отбасылық және әйел бизнесін дамыту» бағдарламалары жалғасын табатын болады. Сонымен қатар, облыстың индустриялық-инновациялық дамуына бағытталған іс-шаралар жиі ұйымдастырылады деген үміттемін.

 

Түйін

«Кәсіпкерлікті қолдау» тақырыбында өткен интернет-конференция барысында оқырмандардан отызға жуық сауал келіп түсті. «Инновация мен кәсіпкерлікті дамыту орталығы» КМК директоры Әлия Тәшкенқызы қос газет оқырмандарының барлық сауалына толық жауап берді. Атап өтерлігі, интернет-конференция өтіп жатқан сәтте, яғни, сағат 11.00-13.00 аралығында 391 адам порталға кіріп, шара барысымен таныс болып отырған екен. Олардың қатарында Қазақстан, Ресей, Германия, АҚШ, Ұлыбритания, Әзербайжан, Украина және Оңтүстік Корея елдерінің тұрғындары бар.

 

Нұржайна ШОДЫР.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Желтоқсан 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31