ЖИЫРМА ЖЫЛДЫҚҚА – ЖАҢА ЖЕТІСТІКТЕРМЕН

Елбасымен өткен телекөпірде инновациялық жобалар іске қосылды

 

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен тікелей телекөпір шарасы өткізілді. Оның барысында республиканың әр аймағында үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жаңашыл жобалардың тұсауы кесілді. Телекөпір кезінде облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Павлодарэнерго» АҚ үшінші жылу-электр станциясында іске асырылған инвестициялық жобаның маңызы туралы баяндады.

- Аса мәртебелі Нұрсұлтан Әбішұлы! Ел Тәуелсіздігінің 20 жылы ішінде облыста экономика құрылымы толығымен өзгеріп, өңдеу өнеркәсібінің үлесі 67 пайызға дейін ұлғайды. Жаңа салалар дамып, 45 ірі кәсіпорын ашылды. Жуырда ғана Сіз, құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Павлодар өңірінде арнайы экономикалық аймақ құру туралы Жарлыққа қол қойдыңыз. Бұл маңызды шешім заманауи жоғары технологиялы жаңа өндірістерді ашуға мүмкіндіктер беріп, электр энергиясына деген сұранысты арттырады. Сондықтан да, Сіздің тапсырмаңыз бойынша бүгінгі күні барлық станциялардың энергия блоктарында жаңғырту жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде.

Қазір біз «Павлодарэнерго» кәсіпорнының үшінші жылу электр станциясындамыз. Мұнда жаңа турбина агрегатын орнату жұмыстары аяқталды. Нәтижесінде станция қуаты 65 мегаватқа өсіп, 505 мегаватты құрады, - деген облыс әкімі Елбасынан жаңа турбинаны іске қосуға рұқсат сұрады.

Нұрсұлтан Назарбаев Павлодар өңірінде іске асырылған энергетикалық жоба тұтас елдің экономикалық өркендеуіне қызмет ететінін атап өтті.

- Павлодар облысының тұрғындарын жетістіктерімен құттықтаймын. Электр энергиясының 40 пайыздан артығы жалғыз Павлодарда шығады. Сондықтан бүгінгі электр жүйесін 65 мегаватқа қосып отырғандарыңыз - бүкіл Қазақстан экономикасы үшін елеулі жағдай. Тәуелсіздіктің 20 жылдығын үлкен табыспен қарсы алып отырсыздар. Әдеттегідей, Павлодар облысы еліміздің индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын ел игілігі үшін орындауда алдыңғы қатардан көріне беретініне сенімдімін, - деді Мемлекет басшысы.

Бұдан соң Нұрсұлтан Әбішұлының рұқсатымен облыстың энергетика саласына тың серпін беретін жаңа жобаның салтанатты түрде тұсауы кесілді.

Телекөпір барысында көрсетілген деректі бейнефильмде атап өтілгендей, Павлодар облысының өнеркәсіптік әлеуеті зор. Тәуелсіздіктің 20 жылдық белесінде аймаққа тартылған инвестиция көлемі артып, ол 1 трлн. теңгеге жуықтады. Облыстың өнеркәсптік өндірісі 20 жылда 256 есеге артып, 844 млрд. теңгені құрады. Сыртқы сауда айналымы 12 есеге көбейіп, 3,5 млрд. доллардан асты. Екі жылда жалпы құны 155 млрд. теңгені құрайтын 62 жоба индустрияландыру бағдарламасы бойынша іске қосылып, 3300 жаңа жұмыс орны ашылды. «Қазақстан электролиз зауыты», «Казэнергокабель», «Каустик» АҚ сынды кәсіпорындар Қазақ өнеркәсібін сапалы технологиялық деңгейге көтерді. Ауқымды жобалардың бірі - жылына 3000 жүк вагонын шығаратын «Қазақстан вагон жасау зауыты». Кәсіпорын қолданысқа берілгелі еліміздегі жүк тасымалдау саласы рекордтық көрсеткішке жетті. Жоба халықаралық жүк тасымалындағы қазақстандық үлесті арттырды. Павлодар облысы Тәуелсіздіктің 20 жылдығын өңдеу саласындағы республика бойынша жоғарғы өнімділік көрсеткішімен де қарсы алып отыр.

Қорыта айтқанда, Елбасымен өткен тікелей телекөпір шарасында облысымыз индустриялық жағынан озық келе жатқан өңірлердің бірі екенін тағы бір дәлелдеді. Бірақ, біз қол жеткен табыстармен тоқталып қалмаймыз. Алдағы уақытта өңірде ел алдында көрсетіп, абыройымызды асқақтатар жеңістеріміз - инновациялық жобалар қатары арта түседі!

 

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Желтоқсан 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31