СЕРПІНДІ ЖОБАЛАРДЫҢ ИГІЛІКТЕРІ МОЛ

 

 

Қазақстан алдағы уақытта индустриясы айтарлықтай деңгейде дамыған өркениетті елдер қатарынан көрінуге тиіс. Бүгінде Президент тапсырмасы бойынша осы бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Экономиканы әртараптандыру арқылы біздің мемлекет шикізатқа тәуелділікті азайтады. Қазірдің өзінде бірқатар кен орындарының түбі көрініп жатқанын ескерсек, ерте ме, кеш пе, көптеген табиғи қазбалардың қоры таусылады. Индустрияландыру саясатының бір мақсаты да шикізаттың ауылынан алыстап, өңдеу саласын алға бастыру. Екіншіден, бұл жол Қазақстанды әлемнің экономикасы жетілген, жетекші елдерінің біріне айналуына әкеледі.

2011 жылы облыста үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыруда елеулі кезең болды. Бүгінде мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жалпы құны 1202,7 млрд. теңге болатын 169 инвестициялық жоба іске асырылуда. Соның ішінде 13 жоба республикалық индустрияландыру картасына енгізілген, тағы 52 жоба аймақтық маңызға ие. 2014 жылға дейін бағдарлама толықтай жүзеге асырылған жағдайда өңірде 14 мың жаңа жұмыс орны пайда болмақ.

Былтыр облыста 30 жоба пайдалануға беріліп, нәтижесінде екі жарым мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Биылғы жылы аймақта ұзын саны 50 жобаны іске қосу жоспарланған. Жаңа нысандар белгіленген мерзімде қолданысқа тапсырылуда. Яғни, биылғы меже толықтай орындалады деген сенім мол.

Одан басқа, өңірде қазірде дайындық жұмыстары басталып кеткен, 2014 жылға дейін тапсырылатын 90 инвестициялық жобаны іске асыру жалғасуда. Олардың қатарында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ның қолға алған Бозшакөл тау-кен комбинаты құрылысы жобасы бар. Инвестиция көлемі – 225,0 млрд. теңге. Пайдалану кезеңіндегі жұмыс орнының саны – 1500. Жобалық қуатыжылына 100 мың тонна концентрат. Жобаны іске асыру мерзімі – 2010-2014 жылдар.

Бозшакөл тау-кен байыту комбинаты металлургиялық өндірістерді жарты ғасыр бойы шикізатпен қамтамасыз етеді және Павлодар облысының мыс саласын дамытуға жол ашады. Бүгінде аталмыш жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленуде.

Тағы бір елеулі жоба - «Қазақстан электролиз зауыты» жанынан салынып жатқан бастапқы алюминий өндірісіне қажет күйдірілген анод өнімдерінің зауыты. Инвестиция көлемі – 36,1 млрд. теңге. Жұмыс орындарының саны – 470. Аталмыш жоба 2012 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Қазірде электролиз зауытына анод Қытай жерінен жеткізіледі. Өндіріс ашылған жағдайда жылына 136,324 мың тонна күйдірілген анод шығарылады. Яғни, өзімізді өзіміз қамтамасыз ететін боламыз. Бұл - сыртқы бастапқы алюминий өндірісінің құнына өзге факторлар әсер етпейді деген сөз.

Екібастұз жерінде бағдарды аудару және теміржол дөңгелектерін өңдеу өндірісін ұйымдастыруПроммашкомплект» ЖШС, инвестиция көлемі – 9,5 млрд.теңге), Павлодар қаласында шайыр және түрлендірілген сүрек өндіретін ағаш өңдеу кешенін құру («Павлодар ағаш өңдеу комбинаты» ЖШС) «Марганецті құйма өндірісін ұйымдастыруЗавод Format» ЖШС) секілді маңызды бастамалар да бар. Айта кетерлігі, осыған дейін «Завод Format» ЖШС марганецті болаттан жаңа өнім түрлерінің өндірісін ұйымдастырды.

Жалпы, үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына енгізілген барлық жобалар жоғары технологиялық өндірістер болып табылады. Олар Президент тапсырғандай, «қазақстандық қамтуды» арттыруға, экспорттық әлеуеттің өсуіне, жаңа жұмыс орындарын ашуға, қосымша салық түсімдерін ұлғайтуға негізделген. Бұл өңірдің, тұтастай алғанда, ел экономикасының өсуіне елеулі әсерін тигізеді. Осы орайда, биылғы жылдың нәтижесі айтарлықтай.

Қанат ШӘБЕНОВ,

облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп

басқармасының бастығы.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қантар 2012 >
Д С С Б Ж С Ж
           
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31