Дағдарысқа дейінгі кезеңде дамуы бойынша әлемнің Қытай, Үндістан секілді азулы мемлекеттерінен қалыспаған Қазақстанның одан әрі өркендеп дамуына жол ашатын іргелі міндеттер белгіленген. Соның ең бастысы – экономикамызды әртараптандыру. Бүгінде Президенттің бастамасы бойынша үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы жұмыс істеуде. Бұл бізге не береді? Сарапшылардың сөзіне сүйенсек, жаңашыл бағытқа арқа сүйей отырып, отандық нарықты сұранысқа ие өнімдермен толтыратын боламыз. Естеріңізде болса, Елбасы өткен жылғы Жолдауда: «Біз қазір консервіленген жеміс-жидектердің 80 пайызын, ет өнімдерінің жартысын, құрғақ сүттің 53 пайызын сырттан әкеліп жүрміз» деген еді. Одан бөлек, бүгінде еліміздің тұтынушылары шетелдік мұндай өнімдерге қол жайып келеді. Ендігі жерде мемлекет осы олқылықтардың орнын толтыруды көздеп отыр.
Сонымен қатар, индустрияландыру картасы мен «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы экспортқа жіберуге жарайтын бәсекеге қабілетті сапалы өнімдерді шығаруға мүмкіндік береді. Бүгінде инновациялық жобаларды іске асыруда мемлекеттің кәсіпорындарға беретін қолдауы күшейе түсуде.
Соңғы жылдары Қазақстанда инновациялық бағыттағы инвестициялық жобаларды қаржыландырумен айналысатын даму институттары жемісті жұмыс істеуде. Жалпы, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының құрамында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, «Қазақстанның Даму банкі», «Қазақстанның инвестициялық қоры», «Қазына Капитал Менеджмент», «ҚазЭкспортГарант» СК» секілді бес даму институты бар. Олардың қолдауымен өткен жылы республикада 146 инвестициялық жоба қаржыландырылып, 96-сы пайдалануға берілді. Жаңа өндірістерде 20 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.
Айтып өткендей, «Самұрық-Қазынаның» міндеттерінің бірі - шикізаттық емес сектордағы ішкі жалпы өнімді арттыру арқылы экономиканы әртараптандыру және жаңғыртуға жәрдемдесу болып табылады. Бұған дейін біз былайғы мемлекеттерге тек шикізат шығарушы ел болып танылғанымыз рас. Алайда, жаңашыл бағытқа батыл қадам баспасақ, ескі сүрлеу бізді алысқа апармайтынына көзіміз жетіп отыр.
«Самұрық-Қазына» қоры мен оған енетін даму институттары несиелеу, кепілдік беру, капиталға қатысу, экспорттық несиелерді сақтандыру, инвестицияларды сақтандыру, лизинг секілді қолдау түрлерімен қатар ақпараттық және ұйымдастыру тәрізді қызметтерді де көрсетеді.
Мәселен, «Қазақстанның Даму банкі» орта мерзімдік және ұзақ мерзімдік несие береді. Инвестициялық жобаларды бірлесіп қаржыландырумен қатар агроөнеркәсіп кешеніне 20 млн. АҚШ долларына дейін қаражат ұсынады. Экспорттық операцияларға да несиелей көмек көрсетеді.
Айта кетелік, осы «Қазақстанның Даму банкінің» қолдауымен Павлодар жерінде тұңғыш алюминий өндірісі іске қосылды. Толық жобалық қуатын игерген электролиз зауытында жылына 250 мың тонна бастапқы алюминий шығарылады. Жоғары сапалы өнімді әлемнің көптеген елдері сатып алуда. Даму банкінің сондай-ақ облысымызда болатты үздіксіз құю арқылы жылына 60 мың тоннаға дейін өнім өндіруді көздеген «Литмашкомплект» ЖШС-нің, жылына 38 мың километр кабель өткізгіш, 4 мың тонна электр оқшаулағышы жоқ сымдар шығаруды мақсат еткен «Қазэнергокабель» АҚ-ның жобаларын жүзеге асыруға қолдау танытқанын білеміз. 2010 жылдың қазан айына дейін Қазақстан Даму банкінің қаржыландыруы нәтижесінде 2776 жаңа жұмыс орны құрылды.
Өткен жылдың желтоқсан айында Павлодар қаласында жаңа химиялық зауыттың тұсауы кесілді. Мұнда хлор және каустик ұнтағы бұрынғыдай сынап әдісімен емес, мембранды, яғни қауіпсіз тәсілмен шығарылады. Басшылардың айтуынша, оған біздегі тұзды көлдер пайдаланылады. Еліміздің іргелі өнеркәсіп орындары жаңа өнімге үлкен сұраныс танытуда. Ішкі нарықтан артылған өнімді көршілес Ресей еліне экспорттауға мүмкіндік бар. Жылына 30 мың тонна хлор және каустикалық ұнтақ шығаруға қабілетті өндірісті құруға Даму банкінің қосқан үлесі қомақты.
Қазақстан Даму банкінің қаржыландыруға келіскен тағы бір жобасы – Екібастұзда жүк вагондарының өндірісін ұйымдастыру. «Таман» ЖШС-нің өндірістік кешенін техникалық тұрғыда қайта жарақтау бірнеше кезеңнен тұрады. Былтыр шілде айында іске қосылған бірінші кешен қазірде жұмыс істеуде. Осы кезге дейін 114 жүк вагоны жасалған. Алдағы жылдары тағы екі жаңа кешендегі жұмыстар басталады. Олардың жобалық қуатына сәйкес кәсіпорын жылына 3,5 мыңға жуық жартылай вагон және 500-ге жуық жабық вагондар жасап шығармақ. «Қазақстан Темір Жолы» АҚ басшылығы кәсіпорын жылына кем дегенде 5 мың вагон жасап шығаруды көздейді. Осылайша елімізде жыл санап ұлғайып келе жатқан вагонға деген сұранысты өтеу жоспарлануда.
Павлодар облысының инвестициялық жобалары ел көлемінде қызығуға тұрарлық екенін мынадан білуге болады. Даму банкі жалпы сомасы 1 534,09 млн АҚШ доллары болатын тағы 4 жобаны қарастыруда. Оның ішінде жыл сайын 300 мың тонна теміржол магистральдық рельстерін шығару, Екібастұз кешенді қорытпалар зауытын салу, фармацевтикалық зауыт салу және Павлодар қаласында медициналық зауыт жасақтауға байланысты жобалар бар. Алдағы уақытта қаржы институты тарапынан бұл жобалар да құпталады деген сенімдеміз.
«Қазақстанныңинвестициялыққоры» АҚдаПавлодароблысындабірқатаржобалардықолдауда. Жалпысомасы24,98 млнАҚШдолларыболатын4 жобаныіскеасыруғақатысыпотыр. Соныңнәтижесінде228 жұмысорнықұрылады. Жобалардыңқатарындаагорөнеркәсіптікхолдингтідамытуғабайланысты, жиһазөндірісінкеңейтугеқатыстыжәнеқиыршықтасөндірісінқалпынакелтіружөніндебизнес-бастамаларқолғаалынған.
Мәліметтергежүгінсек, облыста«Даму» қорыныңқаражатыесебіненшағынжәнеортабизнестіқолдаушарасыжүйелітүрдеіскеасуда. «Даму-Өңірлер» бағдарламасыменжалпысомасы26,4 млрд.теңгеге720 кәсіпкердіңжобасықаржыландырылды. 1166 жұмысорнықұрылып, қолдаукөрсетілді. Бұданбасқа, қаржылайемесқолдаушеңберінде«Бизнес-Кеңесші» бағдарламасыбойыншакәсіпкерлікісінбастағантұрғындарғажәнежұмысістепжүргенкәсіпкерлергеарналғанқысқамерзімдітренинг-оқуларөткізіледі.
Ендігіжердепавлодарлықбизнесмендерүшіндамуинституттарыныңұсынатынқызметтерінеқолжеткізумәселесіжеңілдетілетінболады. Бұлтуралы«Самұрық-Қазына» АҚатқарушыдиректорыБ.СаркеевПавлодардаболғансапарындамәлімдегенболатын. Оныңайтуынша, аталғанинституттардыңбарлығынааймақтардаорналасқан«Даму» қорыныңөкілдіктеріарқылыөтініштапсыруғаболатындайжағдайқаралады. БұлАстанағақайта-қайташапқылауғамәжбүрболыпжүретінкәсіпкерлерүшінтиімдіболмақ. Б.Саркеевтіңтағыбірайтқаны, «БизнестіңЖолкартасы-2020» бағдарламасыніскеасырудыңбарлықмүмкіндіктеріментетіктері2010 жылыпысықталыпболып, 2011 жылданбастапПрезиденттіңалғақойғанталабыісжүзіндеорындалатынболады. Яғни, экономиканыңнегізінеайналуғатиісшағынжәнеортабизнестіңмемлекеттікқолдауғақолыжетеді. Бұлкөптенкүткенмәселеболатын.
НұрболЖАЙЫҚБАЕВ.

