ШАЛҒАЙ АУЫЛДАР ОТАНДЫҚ ТЕЛЕАРНАЛАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ!

 

 

Сейсенбі күні елімізде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен отандық телехабарларды сандық негізде тарататын ұлттық спутниктік телерадио желісі ашылды. Облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев Шарбақты ауданы Шегірен ауылындағы 106 жастағы Қафиза әже Темішеваның үйінен тікелей телекөпір арқылы шығып, Елбасына пилоттық жоба бойынша республикада сандық хабарларды алғаш болып Павлодар облысының қабылдағанын  мәлімдеді.
 
- Аса қадірменді Нұрсұлтан Әбішұлы! Біз қазір Павлодар облысының шекараға жақын орналасқан шалғай ауылында тұрмыз. Осыған дейін облыстың 70 ауылында отандық телеарналарды қабылдау мүмкіндігі төмен болса, 54-інде республикалық арналар мүлдем көрсетілмеді. Сондықтан ондағы тұрғындар отандық емес, ресейлік телеарналарды көруге мәжбүр болды. Енді, міне, Сіздің тапсырмаңыз бойынша сандық жүйедегі телехабарларды қабылдау мүмкіндігіне ие болып отырмыз. Бүгінде облыста 1064 тұрғын сандық желідегі телехабарларды көруде, соның ішінде 500 аз қамтамасыз етілген отбасына арнайы құралдар бюджет есебінен тегін орнатылып берілді, - деді Бақытжан Әбдірұлы.
Облыс әкімінен кейін тікелей телекөпір бойынша Қафиза әже  аналық жүрекжарды лебізін білдіріп, елімізге тыныштық, Елбасыға зор денсаулық тіледі. Әженің ұлы, 64 жастағы Азамат Хамитұлы алыс ауылға отандық телехабарлар көрсетіле бастағалы бері саяси оқиғалардан толық хабардар болып отырғанын айтты. Еуропаның қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуіміз үлкен абырой әрі мақтаныш болды. Енді жақында еліміздің екі ірі қаласында Азия ойындары өткізіледі. Осылайша, жас тәуелсіз елімізді бүкіл әлем тануда. Бұл қамқорлығы үшін Мемлекет басшысына  барлық жерлестерімнің атынан ризалығымды білдіремін, деді ол.
Тікелей байланыс кезінде әженің жеті жасар шөбересі Шекер «Балапан» телеарнасын сүйіп көретіндігін айтып, балаларға арналған бағдарламаларды көруге мүмкіндік жасаған Президентке шексіз алғысын айтты. 
Нұрсұлтан Әбішұлы осыған дейін отандық телеарналарды көре алмай, еліміздегі оқиғалардан бейхабар болған шалғай ауылдағыларға сандық желінің жеткізілгеніне оң баға беріп, облыс әкімінің жұмысы басқа да аймақтар басшылары үшін үлгі екенін атап өтті. Көптен бері айтылып келген отандық телехабарларды спутниктік негізде таратуға қол жетті.
Сандық негізде тұрғындар 37 отандық телеарнаны көре алады. Оған қосымша, жергілікті «Қазақстан-Павлодар» арнасы көрсетіледі. Осыған дейін аудандар облыс жаңалықтарын күніне бір сағат қана көре алатын. Енді жергілікті бағдарламалар тәулігіне 14 сағат таратылады. Аталған телеарналарды тұрғындар тегін тамашалайды. Алайда алдымен қабылдағыш құралына қол жеткізу шарт. Бұл жұмысты жеке фирмалар атқарады. Мамандар құралды спутниктік арналарға баптап берген соң тұрғындар телебағдарламалар үшін ай сайын ешқандай төлем жасамайды. Десе де, тегін телеарналардан басқа, ақылы негізде тамашалауға болатын хабарлар бар. Оған қосылғандар ай сайын абоненттік ақы төлеп тұрады.
Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ.
 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қантар 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31