ҚОЛДАУДЫҢ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Қазір ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға күш салынып жатқаны мәлім. Осы орайда арнайы бағдарлама жұмыс істей бастады. Жуырда облыс орталығында осы жобаны іске асыру мақсатында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ж.Асанов бастаған орталық және жергілікті мемлекеттік орган өкілдері үш күндік семинар өткізді. Оқуды ҚР Жобалаушы менеджерлер одағының жетекшісі, техника ғылымдарының докторы А.Цеховой және осы саланың тағы да басқа білгірлері жүргізді.

Кәсіпкерлікті дамытуды көздеген қанатқақты жоба еліміз бойынша алғаш рет біздің облысымызда қолға алынғанын атап өткен жөн. Қазірде билік орындары бизнес-жобаларды қаржыландырудың жолдарын қарастыруда. Бұл шаруа осыған дейін де атқарылды. Бірақ олқылықтардың болғандығы себепті іс айтарлықтай оңға баса қоймады. Осыны ескергендіктен, ауылдық жерлерде 100 кәсіп түрін ашудың қыр-сыры үйретілетін болады. Семинарда маңызды істі жүргізудің тетіктері пысықталды.

Ж.Асановтың айтуынша, кәсіпкерлікті жаңаша қарқында қолдау үшін осы күнгі құзырлы мекемелердің жұмысын бір жерге түйістіретін басқа мекеме құрылуы мүмкін. Сондай-ақ тиімділігі танылса, тиісті заңдарға да өзгертулер енгізу жайы қарастырылады. Бұл міндет «Нұр Отан» партиясының ХІІІ съезінде қойылған болатын.

Н.ҚАНАТБЕКҰЛЫ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Наурыз 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31