Облыстық статистика департаменті ұсынған мәліметтер
Өңірдің экономикалық дамуы
Ағымдағы жылдың қаңтар - ақпанында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 165,4 млрд. теңгені құрады, бұл - 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,8 пайызға артық көрсеткіш. Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өндіріс көлемі 19,6 пайызға электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда 3,9 пайызға, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда 26,1 пайызға ұлғайды, өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 2,3%-ға төмендеді.
2011 жылдың қаңтар – ақпанындағы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 5,7 млрд. теңгені құрады, көрсеткіш өткен жылдың қаңтар – ақпанына қарағанда 1,9 пайызға өсті. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 2011 жылдың қаңтар – ақпанында 9,9 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 8,6%-ға аз көрсеткіш.
2011 жылдың ақпанында жүк айналымының көлемі 3 млрд. ткм құрады және 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31,5%-ға ұлғайды.
Есептік кезеңдегі бөлшек сауда тауар айналымының көлемі (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 20 млрд. теңгені құрады және 2010 жылдың қаңтар – ақпанымен салыстырғанда 11,9 пайызға ұлғайды.
Есептік кезеңдегі көтерме сауда тауар айналымының көлемі (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 25,2 млрд. теңгені құрады және 2010 жылдың қаңтар – ақпанымен салысырғанда 10,8%-ға ұлғайды.
2011 жылдың ақпанында тұтыну бағасының индексі 2010 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 103,1 пайызды құрады. Азық–түлік тауарларының бағасы 4,9%-ға, ақылы қызметтер 3,2%-ға, азық – түлік емес тауарлары 0,7%-ға өсті.
2011 жылдың ақпанында өнеркәсіп өнімін өндіруші – кәсіпорындарының бағасы 2010 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 6,1%-ға көтерілді.
2011 жылдың 9 айындағы жалпы өңірлік өнім көлемі 753,3 миллиард теңгені құрады. Едәуір үлестік салмақ өнеркәсіп саласына тиесілі- 47,8 пайыз.
2011 жылдың қаңтарындағы бағалау бойынша халықтың жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы орташа есеппен 42841 теңгені құрады. 2010 жылдың қаңтарымен салыстырғанда атаулы ақшалай табыс бойынша өсу 19,4 пайызды, нақты ақшалай табыс бойынша – 11,5 пайызды құрады.
2011 жылдың қаңтарында қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 64791 теңгені құрады. 2010 жылдың қаңтарына өсу 16,1 пайызға тең. Нақты жалақы индексі 108,4 пайызды құрады.
2011 жылдың ақпан айының соңында жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар 2,9 мың адам болды немесе бұл экономикалық тұрғыдан белсенді халық санының 0,7 пайызына тең.
2011 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалар саны 11809 бірлікті құрады және өткен жылдың кезегіне қарағанда 12 пайызға азайды. Жұмыс істейтін заңды тұлғалар саны 8185 бірлікті немесе тіркелгендер санының 69,3 пайызын құрады. Жұмыспен қамтылғандар саны 50 адамға дейін болатын заңды тұлғалардың үлес салмағы тіркелгендердің 93,7пайызын, ал жұмыс істейтіндер санына шаққанда 91,4 пайызды құрады.
Байланыс кәсіпорындарының қызметі
Павлодар облысының пошталық және курьерлік байланыс кәсіпорындарымен 2011 жылдың қаңтар-ақпан айларында 65,1 млн. теңге сомасында қызмет көрсетілді, нақты көлем индексі 2010 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 115,3%-ды құрады. Халыққа пошталық және курьерлік байланыс қызметтерін өткізу үлесі 63%-ды құрады.
Электр байланысымен қамту
Павлодар облысының электр байланыс кәсіпорындарымен 2011 жылдың қаңтар-ақпан айларында 1,5 млрд. теңге сомасында қызмет көрсетілді, нақты көлемі индексі – 2010 жылдың сәйкес кезеңіне 112%-ды құрады. Жергілікті телефон байланысы қызметтері едәуір серпінді дамыды, байланыс қызметтерінен түскен табыстар құрылымында олардың үлестік салмағы 25,7%-ды құрады.
Халыққа электр байланыс қызметтерін өткізу үлесі 66,1%-ды құрады.
Көлік тасымалы
2011 жылдың қаңтар-ақпан айларындағы Павлодар облысының көліктерімен жүзеге асырылған жүк тасымалдау көлемі 2010 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 16,7%-ға артты және 10,8 млн. тонна жүкті құрады.
Көліктік жүк айналымы 3 млрд. тонна-километрді құрады, бұл 31,5%-ға артық. Оның ішінде автомобильдік жүк тасымалдау 1,7 есеге ұлғайып, 0,6 млрд. тонна-километрді құрады.
Облыстағы көліктердің жолаушылар айналымы 2010 жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда 42,6%-ға өсіп, 2,6 млрд. жолаушы-километрге жетті. 141,2 миллион жолаушы тасымалданды.
Сату көлемі артуда
2011 жылдың қаңтар-ақпан айларында Павлодар облысындағы бөлшек тауар айналымының жалпы көлемі 2010 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 11,9%-ға артты және 20 млрд. теңгеге жетті.
Сауда кәсіпорындары бөлшек тауар айналымының жалпы көлеміндегі үлесі 35,9%-ды, немесе 7,2 млрд. теңгені құрады.
Нарықтағы және бөлшек саудамен айналысатын жеке кәсіпкерлердің сату көлемі 12,8 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі 133,6%-ға тең.
Облыстың көтерме сауда нарығында сату көлемі 10,8%-ға артты және 25,2 млрд. теңгені құрады.
Облыстық статистика басқармасы.

