ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯЛАРДЫҢ АКЦИЯСЫ САТЫЛАДЫ

 

Біраздан бері еліміздің бағалы қағаздар нарығында «КЕGОС», «Қазпошта», «Қазақстан Темір Жолы» және энергетикалық компаниялардың акциялары сатылатын болады деген әңгіме айтылып жүр. «Қазцинк», «Қарметкомбинат», «ЕNRC», «Қазақмыс» та өз акцияларын саудаға қояды деген сөз бар. Бүгінде бүкіл әлем бағалы қағаздар нарығында табыс табады. Бүгін-ертең бұл көшке қарапайым қазақстандықтар да қосылады. Президент биылғы Жолдауында Үкіметке осындай тапсырма берген болатын.

Бірақ, ұлттық компаниялардың акциялары саудаға қашан түсетіні белгісіз. Әзірге белгілісі қор нарығына бірінші мұнай мен газ саласындағы компаниялар кіреді. Осылайша қарапайым қазақстандықтар ұлттық компаниялардың тең меншік иелері бола алады. ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішевтің сөзіне сүйенсек, бағалы қағаздар нарығына бірінші «ҚазМұнайГаз» барлау және өндіру» компаниясы жіберіледі. Ол өз акцияларының 5 пайызын саудаға шығарады. Бұл пакеттің құны - 500 миллион доллар. Бірақ, әр адам 50 акциядан артық сатып ала алмайды. Ұлттық компаниялардың акцияларын халыққа сатудың заман талабына сай екендігі жөнінде айтқан сарапшы-мамандардың пікірлері де бір жерден шығып отыр.

 «Самұрық-Қазынаның» уәдесі бойынша, 2011 жылдан бастап, ұлттық компаниялар акциясын тұрғындарға сату мәселесі шешілмекші. Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары Дархан Нұрпейісовтің берген кеңесіне ден қойсақ, қазақстандықтардың құлағын түріп, көңілдерін сергек ұстап жүргені дұрыс. Олай дейтініміз, біздің халықтың бойында әлі де енжарлық басым. Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі агенттік бірнеше жылдан бері халықтың қаржылық сауатын ашудың бар мүмкіндіктерін жасап, насихат жұмыстарын жүргізіп, арнаулы басылым да шығарып жатыр. Соған қарамастан біздің көбіміз әлі күнге дейін құнды қағаздар рыногының өзі нендей зат екенін де айыра алмаймыз. Көзіқарақты, көкірегі ояу азаматтар жоқ емес, баршылық. Бірақ, солардың қатары көп болса деген тілек бар.

Ресей ауыл шаруашылығы банкінің Қазақстандағы өкілеттігінің басшысы, экономика ғылымдарының докторы Бейсенбек Зиябековтің айтуынша, ұлттық компанияларды мемлекет басқарғанымен, ол халықтың дүниесі болып есептеледі. Сондықтан, ірі алпауыт компанияларда еліміздегі әрбір азаматтың үлесі болуы тиіс. Егер соған қол жеткізсе, бұл біздің мемлекетіміздің өркениетті басқаруға бір қадам алға басқанының белгісі болар еді деп ойлаймын. Бұл әрбір қазақстандықтың билік басындағылардың басқару қабілетін бағалауына да жол ашады. Мысалы, сіз қолыңыздағы сатып алған акцияңыздың бағасының жыл сайын өсіп немесе құлап отырғанын көріп отырып, «Самұрық-Қазынаның» қалай жұмыс істеп жатқанын біліп отырасыз. Соған орай, оған баға беріп отырасыз. Мұны мысал ретінде айтып отырмын. Біріншіден, «Самұрық-Қазына» халықтың ақшасын пайдалы да табысты көзге салуды жұмылдырады.

Екіншіден, халық қолдағы акциялар арқылы мемлекетті басқаруға үлес қосады. Мемлекетті халық болып басқару осыдан басталады. Мұнда ескеретін бір мәселе - акцияны сатқанда, оның халықтың барлық бөлігін қамтуын естен шығармау керек. Өйтпеген күнде, компанияның өз қызметкерлері сатып алып, қарап отырады. Ондай жағдайларды жоққа шығара алмаймыз. Сондықтан болашақта Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығы осы жағына баса назар аударса деген тілек бар. Жалпы, идея, кім шығарса да, өте орынды, уақытында көтеріліп отырған мәселе. Тек тұрғындар өздері үшін жасалатын игіліктерден шет қалып жүрмесе екен.

Сөз соңында халықтың бағалы қағаздар нарығына сенімсіздікпен қарауының да тегін еместігін айтқымыз келгені. Естеріңізде болса, нарыққа жаңа көшкен кезеңде талайлардың жиған-тергенін инвестициялық қағаздарға салып қойып, кейіннен күйіп кеткені бар. Бірақ та, заманмен қатар заңның да жетілгенін ескерсек, халықтың құқын қорғайтын кепілдіктер де табылатынын ұмытпайық. Шетелдердегі сияқты акция сатып алып, үйде отырып, еш жұмыс істемей-ақ пайда тапқыңыз келсе, сәттілік тілейміз.

 

Ақпарат көздерінен әзірлеген – Н.ЖАЙЫҚБАЕВ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Сәуір 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30