ЗИЯНДЫ ҚАЛДЫҚ МӨЛШЕРІ АЗАЯДЫ

Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1 кәсіпорнында қатты құрылыс және тұрмыс қалдықтары жиналатын қондырғының құрылысы аяқталды. Ол келешекте станциядан қоршаған ортаға түсетін зиянды қалдықтардың мөлшерін барынша азайтуға мүмкіндік береді. Бүгінде электр станциясында қоршаған ортаны қорғау бағытында көптеген маңызды жобалар қолға алынған. Станция жыл сайын аймақ экологиясын қалыпты жағдайда ұстауға бірнеше миллиард теңге жұмсайды. Қазірде онда заманға сай электр сүзгілерді орнату жұмыстары жалғасын табуда. Бұған қоса кәсіпорын электр қуатын арттыруды көздеп, тоқтап тұрған үш энергоблокты қайта қалпына келтіруге кірісуде. Гидро күлжойғыш, шаң басатын жүйелер қайта құрылып, модернизациялануда.

Станцияның акционері болып табылатын «Қазақмыс» корпорациясы тобы қоршаған ортаны қорғау бағыты бойынша кәсіпорынға 2010 жылы 1,2 миллиард теңге бөлді. Екібастұз өңірінің экожүйесін қалыпты жағдайда ұстап, қолайлы жағдайларды қалыптастыруды көздейтін игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

М.АЯҒАНОВ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қазан 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
        1 2 3
4 5 6 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31