Біз үнемі ірі өнеркәсіп орындары туралы ауыз толтырып айтамыз да, көп ретте олардың толассыз өндірістерін қамтамасыз ететін құрылымдық кәсіпорындар жайлы әңгіме етпейміз. Алайда үнемі жұрт назарынан тыс қала беретін кәсіпорындардың жұмысын оқырман қауымға таныстырғанымыз жөн болар.
«Сарыарқа самалы» газетінің нөмірінде алдағы, бейсенбілік күнгі санында біз осындай құрылымдық кәсіпорындардың бірі, облысымызға ғана емес, тұтас республикамызға танымал «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» акционерлік қоғамының құрамына кіретін Өндірістік-жөндеу бөлімшесінің бүгінгі тірлігі туралы егжей-тегжейлі айтпақпыз.

