Өмірдің қайнаған қуаты

Евроазиаттық энергетикалық корпорациясының қазандық-трубалар цехы электр қуатын өндірудегі аса маңызды нысан болып табылады. Ол барлық электр стансаларының жұмысын қамтамасыз етеді, негізгі және қосалқы қондырғылардың жұмысын нығайтып, тәулік бойы бақылауда ұстайды, осылайша, «ЕЭК» АҚ электр стансасының тұрақты қызметін жүзеге асырады. Бір сөзбен айтқанда, мемлекеттік индустриялық-инновациялық бағдарламасы бойынша №2 энергоблокты қайта жасақтау шаралары тікелей осы цехтың жұмысымен байланысты өріледі.alt

Қазандық трубалық цехтың жұмысшыларына аса жоғары талаптар қойылады.  Мамандарға «ЕЭК»-тың барлық стансасының қызметімен тығыз байланысты өндірістік үрдісті ұтымды басқару керек. Бүгінде блокты қайта жасақтаумен қатар №2 энергоблоктағы жұмыстар үшін қызметкерлердің дайындығы              бірге жүріп жатыр. 

Электр стансасында жеті энергоблок бар. Оның үшеуі қайта жасақтаудан өтті. Қазір №2 энергоблокты жаңарту жүріп жатыр, артынша алтыншы блокты жаңарту қолға алынады.  

Жаңа қондырғылар жұмыстың  үрдісін толықтай компьютер-лендіреді. Кадрларды тікелей кәсіпорында арнайы сынақ тренажері кешенінде дайындайды. Бұл тренажер станса энерго-блоктарының қауіпсіз қызметін қамтамасыз етеді және өндірісте мүмкін болатын адамдық факторды шеттетеді. 

- Аталмыш тренажер тәжірибе жүзінде дербес сипатта және электр стансасының              №1 энергоблогының құрылымына толықтай сәйкестендірілген, - дейді қазандық-трубалық цехтың сынақ тренажері кешенінің нұсқаушысы Сергей Манджиев. – Яғни, 40 сағатты құрайтын оқу курсынан өткен соң мамандар энергоблок туралы ақпараттарды тереңнен меңгереді және оны-мұны өндірістік жағдайлар кезінде қалай әрекет етуді жақсы біледі. 

altБұрын біліктілікті арттыру үшін Украинаға, Киевке баруға тура келуші еді.  Қазір жағдай түбірімен өзгерді, керісінше, шетелдік компаниялар оқуға «ЕЭК» кәсіпорнына келеді.  Өйткені мұндай сынақ тренажері кешені ТМД елдеріндегі бірде-бір кәсіпорында жоқ. 

Труба бөлімшесінің машинисі Рамиль Искаков қазіргі уақытта сынақ тренажері кешенінде оқу курсынан өтіп жатыр. Жаңа қондырғылардың тілін меңгеру оған қиын болған жоқ, өйткені оның қолында екі жоғары білімнің дипломы бар. 

- Тренажерлік кешенде оқу курсынан өту барысында сенің алдыңа қаншалықты жауапкершілік жүктелетінін тереңнен сезінесің.  Онымен жұмыс істеудің қыр-сырын игеру қондырғы арқылы мүмкін болатынын білесің. Бұл - өте керемет, - дейді Рамиль.

- Энергоблокты басқарудың тетіктері жұмысты жан-жақты ұғынуға жол ашады, тереңіне сүңгуге жетелейді десе болады. Мұның өзі қауіпсіздікті мейлінше арттырып, тығырықты жағдайлардан аулақтатады, - дейді стансадағы қызмет өтілі  20 жылды құрайтын қазандық машинисі Андриан Данилов.

Қазандық-трубалық цехтың бастығы Олег Степановтың айтуынша, қазір тренажер уақытша ғимаратта орналасқан, алдағы күндері арнайы жабдықталған ғимаратқа ауыстыру жоспарланған. Өйткені адамдар оқу курсына жұмыс уақытында да, бос уақыттарда да қатынасады. 

Цехта жұмыс істейтін отбасылық еңбек династиялары да аз емес. Қазандық-трубалық цехтың іске қосу бойынша бастығының орынбасары Илья Николаевич Чучков «ЕЭК» АҚ электр стансасында 41 жыл еңбек еткен.  Онымен бірге жұбайы жұмыс атқарса, бүгінде ұлы жұмыс қарқынын жандандыруда. 

- Біздің жұмысымызда энергоблоктардағы барлық қондырғылардың тұтастай технологиялық үрдістерін білу қажет және ЖЭҮ жұмысын нормаға сай ұстап тұру шарт. Әрине, әркім өз кәсібін мақтан етеді, сөз жоқ, әркімде жетістіктер бар. Алайда біздің жұмысымыз аса маңызды! Мен біздің жұмысымыз ғарышкерлердің тірлігімен ұқсас келеді деп ойлаймын, яғни Байқоңырдан зымыран ұшырғанмен тең. Зымыранды ұшыру үшін мүлде басқа отын керек, мәнін айтқанда, біздің жұмыс та сол секілді, жаңаша, өзгеше іс-қимыл қажет.  Электр қуатының маңызы туралы айтып жатудың өзі артық шығар – электр қуаты көптеген кәсіптердің жұмысы үшін аса маңызды. Электр қуаты – барлық кәсіптер үшін кислород секілді, - дейді Илья Николаевич Чучков.

Цехта Верещак отбасының көптеген еңбеккерлер династиясы да бар (бұрын Николай Верещак, кейін оның ұлдары мен келіндері, немерелері еңбек етті). Ал Ламскилер және Әбеновтар отбасыларының аты-жөндері көпшілікке танымал. 

Анатолий Шевченко – қазандық бөлімшесінің машинисі. Ол кәсіпорында 35 жыл еңбек етті. Осылайша ол корпорациядағы еңбек династиясын қалыптастырушылардың бірі болды – стансада оның қызы және күйеу баласы жұмыс атқарады. 

Қазандық-трубалық цехта мақтан етерлік жәйттер аз емес. Мысалы, тәрбие жұмыстары бойынша үздік өндірістік көрсеткіштері үшін ҚТЦ энергоблогының аға машинисі Зейнолла Тұрғанбаев «Құрмет» орденінің иегері атанды. Ол өзінің 25 жылдық еңбек өтілінде тек жақсы қырынан ғана көрінді.  Зейнолла Тұрғанбаевтың ойынша, бар мәселе жұмысқа деген қарым-қатынаста, мыңдаған адамды құрайтын еңбек ұжымына деген құрметте жатыр. 

ҚТЦ кәсіпорындар арасында, облыс деңгейінде, республикада өткізілген көптеген спорттық жарыстардың бірнеше мәрте жеңімпазы атанған. 

- Мысалы, бүгінде біздің спортшылар үстел теннисі бойынша Қазақстан ашық турнирінің супер лигасында алғашқы ондыққа енген, - дейді ҚТЦ-ның аға мастері, цех комитетінің төрағасы Алексей Никитенко. – Біз үнемі «ЕЭК» АҚ қоғамы бойынша жарыстарда көшбасшы үштікке еніп келеміз. Әрине, көп ретте басшының беделі үлкен роль атқарады. Біздің бастығымыз спорт десе ішер асын жерге қояды.  Ұжымымыз бір отбасының адамдарындай, сондықтан да жеңіліс те, жеңіс те алмакезек көрініп жатады. 

Сергей Кремер, Максим Қасенов, Денис Жданов, Дмитрий Черепанов, Павел Кузьмин, Асхат Ысқақов, Александр Поддубный, Антон Медведев, Алексей Дюсембинов, Андрей Шопин, Ринат Тілепов, Владислав Девятов, Григорий Федоровский – осы және басқа да спортшылар цехтың және «ЕЭК» кәсіпорнының намысын түрлі спорттық шараларда абыроймен қорғап жүр. 

Бұдан өзге, қызметкерлерге әлеуметтік кепілдемелер де тұрақты беріледі:  емделу және оңалту жеңілдіктері, ауруханалық парақтың өтелуі, сондай-ақ тәулік бойы денсаулық пунктінің, асхананың жұмыс істеуі жұмысшылар үшін үлкен қолайлылық, оңтайлылық тудырып отыр. ҚТЦ-ның трубалық, қазандық бөлімшелеріндегі қосалқы және негізгі қондырғылардың жұмысшылары басқарудың қорғаныш блогының машинистері және аға машинистері 1 пайыздық несие және ипотекалық қарыз алу кезінде жеңілдіктерге ие болады. 

 Г.Турабаева.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Мамыр 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
          1 2
3 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31