ЖАҢАРУ СТРАТЕГИЯСЫ

 

Осы жылы Еуроазиаттық энергетикалық бірлестігі «Восточный» разрезінің Автотракторлық сүргіш учаскесі отыздан аса жаңа техникаға ие болды. Бұл - учаскенің соңғы он жылдағы ең көлемді көліктік жаңаруы. Жаңа техника разрез көлік жүйесінің нәтижелігін көбейтуге көмектеседі. Ол туралы сұхбат барысында АТСУ бастығы Рустамжан Мамаджанов айтты.

- Учаскеде 350-ден аса адам қызмет етеді. Біз жұмысшыларды жұмыс орнына жеткізумен, жүкті тасымалдаумен айналысамыз, тау жұмыстарын жүзеге асырамыз. Бүгінгі таңда бізде шамамен екі жүзге жуық техника бар. Олар - тракторлар, сүргіштер, өздігінен түсіргіштерБелаз», «Дреста», «Катерлиллар»), жолаушы көлігі. Яғни, біздің жұмысымыз өндірістік үрдістің нәтижелі- лігіне байланысты, - дейді Рустамжан Абуджанович.

Жаңа техника қауіпсіздіктің жоғары жүйесіне ие, ал ең бастысы техникамен жұмыс істейтін адамдарға жайлы жағдайлар бар. Оларды әкелгеннен бері, техниканың бұзылып қалуларының саны және жұмыс орнындағы зақымданушылық саны азайды.

Осы жылы учаске ұжымының саны 80-ге өскенін атап өту керек. Жаңа жұмыс орындарын ашу жаңа техниканы әкелумен тікелей байланысты.

- Былтыр, Еуроазиаттық энергетикалық бірлестіктің алған ең ауқымды техникаларының бірі «Каматцу» өздігінен түсіргіштері болатын. Осы жылы ЕЭБ паркті барлық бағыттар бойынша толтырды – 11 жүк машинасын алды, жеңіл және жолаушы көлігінің санын 10 қосымша бірлікке көбейтті, арнайы техниканың – тракторлар мен сүргіштердің санын 5 бірлікке көбейттік, - деп сөзін жалғастырды учаске басшысы.

Құрал-жабдықтарды жаңарту - Еуроазиаттық энергетикалық бірлестік басшылығы жұмысының стратегиялық бағыты болып табылады. Компания техникалық қорды байытуға үлкен қаражат жұмсап жатыр. Қызметтің барлық бағыттары бойынша өндірістік көрсеткіштер оның нәтижесі болып табылады.

- Біз өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікке үлкен көңіл бөлеміз,– деді Рустамжан Мамаджанов. – Сондықтан, біз биыл алған жабдықтардың барлығы ЕУРО-2 стандарттарына сай келеді. Жол үстіндегі қауіпсіздікке көп көңіл бөлеміз. Біздің штатта автокөлік қозғалысының қауіпсіздігі бойынша инденер лауазымы қарастырылған, ол жол белгілерінің бар-жоқтығын, жолдың жағдайын қарайды, әсіресе разрез ішінде, - деп атап өтті ол.

Учаскенің сәтті жұмыстары ұжымға байланысты. Сондықтан бізде әрқашан Михаил Ильиных, Жұмажан Шарипов, Жаңбырбай Тобояков, Юрий Старостин сияқты кәсіби мамандар жұмыс істейді. Олар осы ведомстволық наградаларды бекерге алған жоқ.

- Бүгінде бізде көп жас азаматтар қызмет етеді, еңбек сіңірген ардагерлер де бар, олар жас ұрпаққа өз білгенін үйретеді. Біз өзіміз жұмыс барысында ешқандай кедергілерге жол бермеуге тырысамыз. АТСУ-нің кез-келген қызметкеріне сенуге болады, - дейді Рустамжан Мамаджанов. Автопаркті толтыру, техникалық қамтамасыз ету бойынша және қозғалыс қауіпсіздігінің жұмысын күшейту учаске ұжымының жоспарында бар. АТСУ ішкі әлеуетін есепке ала отырып, осы тапсырмаларды олар шеше алады.

Д.Алгазин.

 

 

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қараша 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
1 2 3 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30