Өнім бағасы билік бақылауында болмақ
Қыс ортасында бағасы шарықтап шыға келетін картоптың бағасын тежеп, оның тұрғындарға қолжетімді болуын облыс басшылығы айрықша назарда ұстауда. Күнделікті тұрмыста ең қажетті өнімдер қатарына кіретін көкөністерге қосылатын үстеме ақы мен оның Павлодар қаласына тұрақты жеткізілуін жауапты мемлекеттік органдармен қатар енді құқықтық құрылымдар үнемі қадағалап отыратын болды.
Айта кету керек, жаңа жыл мерекесі қарсаңында басталған қымбатшылық салдарынан бүгінде қала базарларында картоптың келісі жүз теңгеден асып жығылады. Осыны ескерген тұтыну нарығындағы инфляциялық үрдістерді талдау және бағаны болжайтын облыстық штаб отырыс өткізіп, нәтижесінде арнайы комиссия құрылды. Комиссия жергілікті тұтынушыларды негізгі азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету шараларына тұрақты түрде мониторинг жүргізуді міндетіне алды.
Бүгінде облыс орталығына Павлодар мен Ақтоғай ауданы және Ақсу қаласы ауылдық аймағындағы көкөніс өсірушілерден әкелінетін көкөніс пен картоптың жеткізілу кестесі бекітіліп, оның жергілікті сауда нүктелерінде белгілі бір баға мөлшерінен асырылмай сатылуы бақылануда.
Кеше қаладағы Абай көшесінде орналасқан «Рахмет» әмбебап сауда орталығында Ақтоғай ауданындағы «Ақтоғай-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен жеткізілген алғашқы 16 тоннадан астам картоп түсіріліп, жергілікті сауда нүктелеріне таратылды. Ақтоғайлықтар мұнда өз өнімдерінің әрбір келісін 75 теңгеден босатты. Ал «Рахмет» базарында ол көтерме сауда негізінде 83 теңгеден сатылады. Нәтижесінде өнім бөлшек саудада 91 теңгеден аспауы керек. Яғни, үстеме ақы он пайыздан асырылмайды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Бауыржан Қасенов осылай деп мәлімдеді. Өнімнің қаладағы сауда желілеріне түсуі, сатылу бағасы бастан-аяқ бақыланып отырады. Бұған қадағалау және күш құрылымдары жұмылдырылды.
Аудан әкімінің орынбасары Жанат Тәшеновтың атап өткеніндей, қазіргі күні «Ақтоғай-Агроның» заманға сай қоймасында 2000 тонна картоп бар. Өнім Павлодарға аптасына екі мәрте жоғарыда аталған мөлшерде әкелінеді. Серіктестік осылайша шаһар жұртшылығының бір бөлігін алдағы көктем ортасына дейін қамтамасыз етуді ойға алған.
Қала тұрғындары бір айда екі мың тоннаға жуық картопты қажет етеді. Жергілікті нарықтағы сұранысты өтеуге «Павлодарский» сервистік дайындау орталығы мен «Заря» шаруа қожалығы да айтарлықтай үлес қосуда. Алғашқысы 47 сауда нүктесінде өнім келісін 58 теңгеден сатса, соңғысы 27 дүкенде 83 теңгеден босатуда. Қала әкімінің орынбасары Серік Байсейітов аталған аудандардан картоп күн сайын жеткізілетінін, ал белгіленген 74 сауда нүктесі бойынша үстеме ақыға байланысты шартты бұзғандарға тиісті шара қолданылатынын жеткізді. Ол осы ретте бағаны бақылауға алуда қала тұрғындарынан да көмек күтетінін жасырмады. Төмендетілген бағадағы картоп пен көкөніс сататын сауда орындары мен әлеуметік дүкендердің тізімі облыс және қала әкімінің сайттарында орналастырылған. Облыс әкімі аталған тапсырмалардың орындалуын тұрақты бақылауға алса, аудан әкімдері өнімді жеткізуге тікелей міндеттенді.
«Рахмет» базары арзан келетін картопты қабылдап, қалаға таратуға тегіннен тегін таңдалынып алынған жоқ. Шаһардағы сұраныстың 70 пайызын осы әмбебап орталық қамтамасыз етеді. Белгілі болғандай, әр аптаның сәрсенбісінде Орталық базар жанында өтетін жәрмеңкеде де арзан көкөніс сатуды ұйымдастыру өз жалғасын табады.
М.АЯҒАНОВ.
Картоп пен көкөністерді арзандатылған бағалар бойынша өткізетін сауда нысандарының тізімі
№ Сауда нысандарының атауы Мекенжайы
«Заря» ШҚ бекітілген сауда нысандарының тізімі
1 «Сабина» дүкені М.Горький к-сі, 40
2 «Тополь» дүкені Ак.Шөкин к-сі, 38/1
3 «Версаль» дүкені Ленин к-сі, 16
4 «Сургут» СҮ Камзин к-сі, 165
5 «Океан» дүкені Торайғыров к-сі, 36
6 «Әділ» дүкені Суворов к-сі, 27
7 «Әділ» КБО Қамзин к-сі, 168
8 «Светлана» дүкені Қамзин к-сі, 178
9 «Евро» дүкені Лермонтов к-сі, 45/1
10 «Олжа» СҮ 1 Май к-сі, 19
11 «Эльдорадо» дүкеніндегі бөлім Ломов к-сі, 41
12 «Родник» дүкені Ломов к-сі, 39
13 «Бекас» дүкеніндегі бөлім Ак. Сәтбаев к-сі, 253/1
14 «Родник» дүкеніндегі бөлім Камзин к-сі, 160
15 «Рахмет» дүкеніндегі бөлім Камзин к-сі, 362
16 «Чернояр» павильоны Я.Геринг к-сі, 1 а
17 «Диана» дүкеніндегі бөлім Кутузов к-сі, 24/1
18 «Азық-түлік» дүкеніндегі бөлім Кривенко к-сі, 85
19 «Чернояр» дүкеніндегі бөлім Айманов к-сі, 17
20 «Ягодка» кулинариясындағы бөлім Лермонтов к-сі, 120
21 «Азық-түлік» дүкеніндегі бөлім Дерибас к-сі, 1
22 «Сладко» дүкені Естай к-сі, 134
23 «Әлем» дүкеніндегі бөлім Айманов к-сі, 29
24 «Азық-түлік» дүкеніндегі бөлім Короленко к-сі, 2
25 «Рахмет» базары Абай-Луначарский к-сі
26 «Жұлдыз», «Павлодар»
дүкендеріндегі бөлімдер Кутузов к-сі, 27
27 «Эльдар» ФШ логистикалық
орталығы Космонавтар к-сі, 1
«Павлодар» СДО бекітілген сауда нысандарының тізімі
28 «Пахомовский» дүкені Пахомов к-сі, 102
29 «Береке» дүкені 1 Май к-сі, 17
30 «25 магазин» дүкені 1 Май к-сі, 4/1
31 «Алатау» СҮ Павлов к-сі, 34
32 «Алатау» СҮ Павлов к-сі, 34
33 «Алатау» СҮ Павлов к-сі, 34
34 «Алатау» СҮ Павлов к-сі, 34
35 «Алатау» СҮ Павлов к-сі, 34
36 «Даниял» дүкені Чкалов к-сі, 53
37 «Ласточка» дүкені Кутузов к-сі, 21/1
38 «5 Звезд» дүкені Ткачев к-сі, 17
39 «Эльдорадо» дүкені Ломов к-сі, 41
40 «Ривьера» дүкені Лермонтов к-сі, 82
41 «Эдем» дүкені Ломов к-сі, 58/1
42 «Лакомка» дүкені Лермонтов к-сі, 84
43 «Купец» дүкені Торайғыров к-сі, 14
44 «Отау» СҮ Торайғыров к-сі, 113
45 «Нан-хлеб» (Аманат) дүкені Ак.Сәтбаев к-сі, 17
46 «Аманат» супермаркеті Торайғыров к-сі, 115
47 «Аманат» супермаркеті Короленко к-сі, 1
48 «Рубиком» СҮ Г.Дүйсенов к-сі, 4/1
49 «Атриум» СҮ Ак.Сәтбаев к-сі, 245/1
50 «Арай» СҮ Ак. Бектұров к-сі, 20
51 «Арай» СҮ Есеналиев к-сі, 58
52 «Көктем» базары Бекхожин к-сі, 15/1
53 «Сарышығанақ» дүкені Ленин к-сі, 7/1
54 «Затон» базары Ломов к-сі, 37
55 «Затон» базары Ломов к-сі, 37
56 «Затон» базары Ломов к-сі в, 37
57 «Золотой теленок» супермаркеті Луначарский к-сі, 10
58 «Шапағат» дүкені Есеналиев к-сі, 58
59 «Шапағат» дүкені Есеналиев к-сі, 58
60 «Шапағат» дүкені Есеналиев к-сі, 58
61 «Шапағат» 2 дүкені Ак.Бектұров к-сі, 20
62 «Арзандау» дүкені Кутузов к-сі, 34
63 «Арзандау» дүкені Кутузов к-сі, 34
64 «Арзандау» дүкені Кутузов к-сі, 34
65 «Арзандау» дүкені Кутузов к-сі, 34
66 «Ертіс» дүкені Ак.Сәтбаев к-сі, 253/1
67 «Ардагерлер үйіндегі» дүкен Суворов к-сі, 37 а
68 «Тереңкөл» дүкені М.Горький к-сі, 37
69 «Ақтоғай» дүкені М.Горький к-сі, 76
70 «На бугорке», «Лебяжі»
дүкендеріндегі бөлімдер Ак.Шөкин к-сі, 38/2
71 «Успен» дүкені Кутузов к-сі, 20
72 «Железин» дүкені Амангелді к-сі, 19/1
73 Ертіс ауданы «Майя» дүкені Кутузов к-сі, 204
74 «Шарбақты» дүкені Мир к-сі, 44.
Құрметті Павлодар
облысының тұрғындары!
Егер Сіз сауда нүктелеріндегі картоп пен көкөніс өнімдері бағаларының негізсіз көтерілуіне куәгер болсаңыз, төменде көрсетілген сенім телефондарына хабарласуыңызға болады:
- Павлодар қаласының кәсіпкерлік бөлімі – 32-12-54
- Павлодар қаласының ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімі – 32-22-86
- Облыс ауыл шаруашылық басқармасы – 32-49-10
- Облыс кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы – 32-22-86.


