БАҒАНЫ НЕГІЗСІЗ КӨТЕРЕТІНДЕРГЕ ШАРА ҚОЛДАНЫЛАДЫ

 

Бейсенбі күні Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі аумақаралық инспекциясы бастығының орынбасары Тимур Әмірханов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен баспасөз мәслихатын өткізді. Онда жергілікті базарлардағы картоп, қызанақ, қияр секілді көкөніс өнімдері бағаларының күрт көтерілуі сөз болды. 

Т.Әмірхановтың сөзіне сенсек, қала базарларындағы сатушылар көкөніс бағаларына байланысты бекітілген заңдық нормаларды орындамай, өнімдердің құнын арттырған. «Бүгінгі таңда орталық базарларда бір келі қиярдың бағасы 600 теңгеге жетсе, кызанақтың бағасы 1000 теңгеге дейін көтерілген. Сол секілді, картоп өнімдерінің құны да белгіленген межеден асып кеткен. Әзірше бізге бұл туралы ауызша түрде жеткізілген мәліметтер келіп түсті. Сондықтан алдағы уақытта орталық базарларда тексеріс жұмыстарын жүргіземіз деп жоспарлаудамыз. Егер дәлелді дәйектер табылып жатса, бағаны негізсіз көтерген сатушыларға шара қолданатын боламыз»,-деді ол. Т.Әмірханов баға саясатын өзгертіп, артық жасаймын деп тыртық жасаған кейбір кәсіпорындардың атын атап, түсін түстемесе де, базардағы тауарлардың құнын арттырған кәсіпорындар Бәсекелестікті         қорғау агенттігінің аумақаралық инспекциясы тарапынан қатаң бақылауға алынғанын тілге тиек етті. Оның айтуынша, базардағы бағалар мереке уақыттарында, әсіресе Жаңа жыл мерекесі қарсаңында шарықтайды. «Баға саясатына байланысты тексеру жұмыстарын осы кезде жүргізген абзал»,- дейді Т.Әмірханов.

 

Фархат ӘМІРЕНОВ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қантар 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 23
24 25 26 27 28 29 30
31