ЭНЕРГИЯНЫ ҮНЕМДЕУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

облыс орталығында аталмыш сала мамандарының қатысуымен семинар өтті

Өткен аптада облыс орталығында Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттік төрағасы Серік Нокиннің қатысуымен семинар өтті. Үйлерді модернизациялау мен тариф саясатына байланысты өткен жиынға Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Роман Скляр және аймағымыздың аудандары мен қалаларының тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы бөлімінің мамандары қатысты.

Сұрақ-жауап түрінде өрбіген басқосудың басты мақсаты – Қазақстан Республикасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жетілдіруге арналған мемлекеттік бағдарламаны түсіндіру болды. Жиында сөз алған агенттік төрағасы Серік Нокин Елбасының Жолдауында энергия көзін үнемдеуге байланысты міндет жүктелгендігін, соған байланысты Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері  агенттігі жаңа жоба ұсынғандығын айтты. Семинар барысында мамандар пәтер иелері кооперативтерінің басшыларына үйлерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін тұрғын үй көмегін алу механизмдерін, тұрғын үй коммуналдық шаруашылықтағы жаңа техникалық шешімдер мен ережелерді таныстырды. Көп пәтерлі үйлер мен әлеуметтік нысандарға автоматтандырылған жылыту бөлімдерін (АЖБ) орнатудың тиімділігі, үйлерді пайдалану және басқару бойынша кәсіби компанияларды құру жөніндегі пилоттық жобалар талқыланды.

Басқосуда өңіріміздегі белді жоғары оқу орындарының бірі Инновациялық Еуразия университеті мен «Тұрғын үй-коммуналды шаруашылығының дамуы және модернизациялаудың қазақстандық орталығы» АҚ бірлесіп жүзеге асыруды жоспарлап отырған энергия үнемдеу және білімді тарату орталығының келешектегі жұмысы жайлы сөз болды. Орталық іске қосылып жатса, университет ұжымы тұрғын үй-коммуналды шаруашылығын дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаларды тұрғындар арасында насихаттайтын іс-шараларды ұйымдастырмақ. Сондай-ақ, білім ордасы аталмыш салаға қажетті мамандар даярлап, олардың білімдерін жетілдіруді басты назарға алуды қарастырып отыр. Семинарда «Тұрғын үй-коммуналды шаруашылығының дамуы және модернизациялаудың қазақстандық орталығы» АҚ өкілі Зейнолла Қазиев пен университет ректоры Асқар Камербаев өзара консорционалды келісімге қол қойды. Шараға қатысушылар агенттік төрағасына өз сауалдарын жолдап, Үкімет бекіткен мемлекеттік бағдарламаның жай-жапсары жайында көп мағлұмат алды.

 Ф.ӘМІРЕНОВ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Мамыр 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31