БАҒАНЫ БАҚЫЛАУ

 

«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы облыс орталығының сауда орындарында партиялық бақылау бөлімшелерін құруда. Бұл – азық-түлік бағасын тұрақты ұстап тұрудың амалы, дейді саяси құрылым өкілдері. Бірақ, «нұротандықтар» кәсіпкерлердің жұмысына араласпайды.

Күн тәртібінен түспей келе жатқан мәселелердің бірі – баға саясаты. Атқарушы билік мәселені қашанда бақылауда  ұстап тұруға тырысқанымен, жағдайдың ойдағыдай бола бермейтіндігі -  шындық. Өзгеден гөрі өз қамын күйттеген алыпсатарлардың «арқасында» күнделікті тұтыну тауарларына деген баға кейде тіптен шарықтап кетеді. Бұдан былай, сауда орындарының сөрелеріндегі азық-түлік бағасы «Нұр Отан» партиясы өкілдерінің басты назарында болмақ. Ол үшін арнайы партиялық бақылау бөлімшелері құрылды. «Бұл - Елбасы, партия Төрағасы  Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен қолға алынып жатқан шара. Мұндай бақылау бөлімшелері еліміздің әр аймағында және Астана, Алматы қаладарында құрылуда», - дейді «Нұр Отан» ХДП Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Айгүл Нұркина.

Аталған партиялық бақылау бөлімшелерінің құрамына депутаттар, үкіметтік емес ұйымдар мен жастар бірлестіктерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері енді. Олар өздеріне тиесілі сауда орындарындағы азық-түлік бағасы бойынша мониторинг жүргізетін болады. Сондай-ақ, тұрғындар тарапынан келіп түскен арыз-шағымдарды тексереді. Ол үшін Павлодар қаласының ірі сауда орындарында арнайы ақпараттық тақтайшалар орнатылмақ. Онда партия филиалы мен бақылау бөлімшелерінің телефон номерлері жазылған және шағым хаттарға арналған шағын қорапша да бар.

Жалпы, облыс орталығында бес жүзден астам дүкен, базарлар бар. Олардың барлығын қамту мүмкін емес. Сондықтан, әзірге партиялық бақылау бөлімшелері қаладағы ірі сауда орындарында орналасады.

Данияр ЖҰМАДІЛОВ.  

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Маусым 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30