ТАРИФТЕР ТАҒЫ ӨЗГЕРУІ МҮМКІН

     Алдағы уақытта Павлодар қаласында электр қуаты үшін белгіленген тариф тағы да өсуі мүмкін. Бұған бірнеше себеп бар. Бұл туралы ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің бастығы Қайырғали Төлендинов мәлімдеді.
    Ең алдымен тарифтің қымбаттауына «КEGOC» электр таратушы компаниясына еліміздің барлық аймақтары үшін бірыңғай тарифтің белгіленуі себеп болмақ. Бұл өзгеріс осы жылдың 1 тамызынан бастап қолданысқа енгізіледі. Қ.Төлендиновтің айтуынша, бұрын әрбір аймаққа жеке тарифтер белгіленетін, оның Павлодар облысы үшін арзандау болғаны да рас. Алайда бірыңғай мөлшердің енгізілуі ескі есептеуден ұтылып келген Алматы, Қостанай секілді басқа облыстар үшін тиімді болатынға ұқсайды. Ал Павлодар өңірі үшін жаңа тарифтің біршама өскені байқалады. Қазірдің өзінде «Энергоцентр» АҚ мен «Екібастұзэнерго» ЖШС-і ««КEGOC»-тың тарифті өсіруіне байланысты электр қуаты бағасының алдағы уақытта көтерілетіні жөнінде Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің департаментіне хабарлама жіберіп үлгерді.
     Бірақ павлодарлықтар үшін тосын жаңалық бұл ғана емес. Электр қуаты тарифінің өзгеруіне тағы да бір себеп туындап отыр. Бұл осыған дейін Үкіметтің Қаулысы бойынша электр өндіруші станцияларға белгіленетін шектік тарифтерге байланысты. Айта кетелік, өткен жылы жылу-электр станциялары өздері босататын электр қуатының тарифтерін бірден 16 пайызға өсірген болатын. Мұның арты электр қуатын тасымалдаушы компанияларға төлемақыны көтеруге себепші болған. Бұл өзгерістің барлығы, айналып келгенде, тұтынушылардың қалтасына салмақ түсірді.
     Өндіруші станциялар өздеріне берілген мүмкіндікті тағы бір пайдаланатыны, яғни тарифтерін шектік мөлшерде қымбаттататыны қазірде белгілі. Әзірге тек оның қанша пайызға өсетіні ғана беймәлім. Дегенмен басқарма бастығының сөзіне қарағанда, өсім өткен жылғыдан артық болмаса, кем болмайды. Оның салдары қайтадан тасымалдаушыларға, ең соңында тұтынушыларға келіп тиетіні сөзсіз.
    Өткен жылдан бастап Павлодар облысында электр қуатын пайдаланудың шектік мөлшері белгіленген болатын. Оған сәйкес, электр плитасын қолданатын пәтердің бір тұтынушысы айына 110 квт/сағаттан артық энергия пайдаланатын болса, қымбат тарифпен есептеледі. Бұл жаңалық тұтынушылар арасында біраз түсінбестік туғызды. Тіпті Ю.Страхов деген азамат электр қуатын пайдалануда шектік лимиттің белгіленуі тұтынушылардың заңдық құқығын шектейтінін айтып, қарсылық білдіріп, сотқа дейін арызданған. Алайда сот басқарманың шешімін құптады. Қайырғали Мансұрұлының айтуынша, азаматтар электр қуатын қалаған көлемде пайдалана алады, тек олар шектік мөлшерден асатын болса, қымбаттау тариф қолданылатын болады. Бірақ бәрібір өзінің дұрыстығын дәлелдегісі келген арызданушы азамат әрі қарай апелляцияға беретін көрінеді.
     Айтпақшы, алдағы уақытта шектік мөлшерге байланысты талап су пайдалануда да енгізілетін болады. Оның есептеу жүйесі электр қуатына қарағанда күрделілеу болатын түрі бар. Сондықтан әлі де жетілдіру жұмыстары қажет етіледі. Әзірге белгілісі, суды пайдаланған үшін жаңаша төлемақы есептеуде пәтерлерінде есептегіш құралдар орнатқан тұтынушыларға оңай болады. Бүгінде есептегіш құралдары жоқтар пәтерлерде әрбір адам бір айда 300 литр су пайдаланылады деген нормативтік мөлшер қолданылып келеді.
    Қ.Төлендиновтің мәлімдеуінше, коммуналдық қызмет көрсетуші кәсіпорындардың бекітілген тарифтік-сметалық жоспарларын орындаулары да қатаң бақылауға алынған. Жарты жылда өзінің міндеттемелерін толық орындамаған 8 нысанға жалпы сомасы 36,6 млн. теңге болатын өтемдік тарифтер қолданылды. Ал жоспарлардың инвестициялық бөлігін элеткр-жылу станциялары өздерінің міндеттерін тиісті деңгейде атқарылуда.  

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Тамыз 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31