ТАУАРЛАРДЫҢ БАҒАСЫ - ТҰРАҚТЫ

     Облыс тұрғындарын ауылдық сапалы әрі арзан өнімдерімен қамтуда Павлодар ауданы белсенділік танытып келеді. Ауданның тауар өндірушілері апта сайын қаланың «Квазар» базарында өтетін жәрмеңкеге өздерінің өнімдерін еш делдалсыз әкеледі. Жыл басынан бері мұнда 15 млн. теңгенің тауарлары сатылды.

     Бұдан басқа, Павлодар ауданының шаруа қожалықтары шығарған өнімдерін облыс орталығында ашылған ауданның әлеуметтік дүкеніне үнемі қолайлы бағамен жеткізеді.  Бұл жергілікті тұтынушылар үшін тиімді екені даусыз.

     Азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында аудан әкімдігі мен кәсіпкерлер ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойғанын атап өткен жөн. Бағаның негізсіз өсуіне жол бермес үшін ауданның кәсіпкерлік бөлімінің мамандары ірі сауда орталықтарының өкілдерімен кездесулер өткізіп тұрады.

М.КЕРІМБАЕВ.

Павлодар аудандық

кәсіпкерлік бөлімінің бастығы.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Тамыз 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 3 4 5 6 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31