КӘСІБІҢ - НӘСІБІҢ

Ертіс ауданы ежелден астықты аудан болып есептелетіні белгілі. Сондай-ақ, ауданда ауыл шаруашылығы ғана емес, кәсіпкерліктің басқа да түрлері қарқынды дамуда. Бүгінде мұнда 1120 шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген. Оның ішінде алты жүзге жуық жеке кәсіпкер бар. Соңғы жылдары тұрғындар тарапынан осы салаға деген қызығушылық артып келеді. Өз ісін бастап, жеке кәсібін дамытуға ден қойғандарға қолдау да тиісті деңгейде жасалуда.

 

Ресми деректерге сүйенсек, соңғы үш жылда шағын және орта бизнес саласында жұмыс істейтін азаматтар саны 106 пайызға артқан. Қазір алты мыңға таяу тұрғын аталмыш салада қызмет етеді. Десек те, аудан басшылығы бұл көрсеткіш тоқмейілсуге себеп емес дейді.

Аудан аумағында бизнесті дамытудың ең тиімді жолы ауыл шаруашылығы саласы болып қалып отыр. Оның кәсіпкерліктегі жалпы үлес салмағы – 78,5 пайыз. Екінші кезекте – сауда-саттық (13,1%).

Өз кәсібін дамытып, бүгінде соның несібесін көріп отырған жандардың бірі - «Ибрагимов» жеке кәсіпкерлігінің директоры Қалауиден Ыбрайымов. Ол аудан бойынша алғашқылардың бірі болып жеке кәсіпкерлікпен айналысуды қолға алған. 1995 жылы шағын дүкен ашыпты. Кейін шаруа қожалығын құрып, астық өсіруге кіріскен. Содан бері бизнес саласында талмай еңбек етіп келеді.

 

Данияр ЖҰМАДІЛОВ,

Ертіс ауданы.

 

(Материалдың толық нұсқасын Павлодар облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жылғы 14 маусымдағы номерінен оқи аласыздар)

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Маусым 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30