Ешқандай дағдарысқа қарамастан Павлодар қаласында кәсіпкерлік саласы қанатын жая түсуде. Бұны осы жылдың өткен алты айындағы көрсеткіштер дәлелдейді.
Есепті кезеңдегі жағдай бойынша облыс орталығында жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 20 мыңнан артық, өсім көрсеткіші 2009 жылдың деңгейімен салыстырғанда 9,9 %-ды құрайды. Бүгінгі таңда шағын кәсіпкерлік саласында 37,3 мың адам еңбектеніп, нәпақасын табуда. Мамандар кәсіпкерлікте жұмыс істеушілер саны өткен жылмен салыстырғанда едәуір артқанын айтады.
Кәсіпкерліктің дамуы жергілікті қазынаны да толықтыра түсетіні мәлім. Мәліметке сүйенсек, жарты жылда шағын және орта бизнес нысандары бюджетке 9,1 млрд. теңге сомасында салық төлеген. Сондай-ақ жалпы сомасы 16,5 млрд. теңге өнім шығарып, қызметтер көрсеткен.
Н.ҚАНАТБЕКҰЛЫ.

