БЮДЖЕТТІ ИГЕРУДЕ ҮНЕМШІЛДІККЕ МӘН БЕРІЛЕДІ

Бүгінде қай салада болмасын аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер ететін ауқымды істер атқарылуда. Игі істер ең алдымен халықтың тұрмыстық деңгейін көтеруге бағытталатыны белгілі. Осыған дейін әлемдік дағдарыс талай елдің берекесін қашырды, оның салқыны бізді де айналып өтпеді. Алайда, қазына қаржысын нақты мақсаттарға тиімділікпен жұмсаудың нәтижесінде игілікті істерден кенде қалғанымыз жоқ. Елбасы айтқанындай, дағдарыстан сабақ алуға тура келді. Қазірде облыс бюджеті негізінен нендей мақсаттарға пайдалануда? Облыстық қаржы басқармасының бастығы Бәкір Саматұлы Демеуовпен сұхбатымыз осы және басқа да маңызды тақырыптар төңірегінде өрбіді.

 

- Бәкір Саматұлы, еліміздің экономикасы соңғы кездері қайтадан өрлей бастағанын білеміз. Ірі кәсіпорындарымыз қайтадан аяққа тұрды. Бұл аймақ бюджетінің ойдағыдай толығуына қаншалықты оң септігін тигізіп отыр? Осыған байланысты қандай мәліметтер бере аласыз?

- Биылғы алғашқы бес айдағы бюджетке байланысты ақпаратқа көз салсақ, кіріс бөлігінің 121 пайызға, яғни артығымен орындалғанын көреміз. Басқаша айтқанда, бюджеттің толығуы ойдағыдай. Енді қаржыны әртүрлі мақсаттарға жұмсау көрсеткішіне келсек, жағдай жаман емес. Жоспардың  85 пайызы орындалды. Бұл жерде жыл басында әдетте конкурстық шаралардың өткізілетінін айта кеткен жөн. Яғни, осы уақытта ұйымдастыру кезеңіне көбірек көңіл бөлінеді. Қаржының дені екінші жарты жылдықта игеріледі.

 

Н.ҚАНАТБЕКҰЛЫ.

 

 

(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жылғы 16 маусымындағы номерінен оқи аласыздар)

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Маусым 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30