ЕҢ БАСТЫСЫ - АУЫЛДЫҚТАРДЫҢ ТАЛАБЫН ЕСКЕРУ

Ұлттық компаниялар табыс табуды ғана мақсат тұтпай, ең алдымен халыққа сапалы қызмет көрсетуге ұмтылуы керек. Бұл туралы облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев «Қазақтелеком» және «Қазпошта» АҚ облыстық филиалдарының жұмысы сарапталған кеңесте ескертті.

Қазірде «Қазақтелекомның» алдында үлкен міндет тұр. Ол – ауылдық жерлерде телефон байланысын кеңейту. Облыс әкімі айтқандай, ауыл тұрғындарымен кездесуде үнемі осы мәселе көтеріледі. Бүгінде тұрмысы жақсарған ауылдағы ағайын байланыс құралын үйді-үйге орнатқанды қалайды. Компания алдымен осы мәселені шешуге тиіс. Тағы бір кезек күттірмейтін жағдай – облыс бойынша 25 мектепте интернетке телефон байланысы арқылы шыға алмайды. Облыс телекоммуникациялар дирекциясының бас директоры Асхат Күзековтің айтуынша, аталған оқу орындарының барлығында бірдей техникалық мүмкіндік жеткілікті емес. Облыс әкімі бұл мәселені тиісті органдармен бірлесіп жедел түрде шешуді тапсырды.
Жалпы айта кетерлігі, соңғы жылдары ауылдық жерлерде телефондандыру мәселесі бұрынғыдай емес, жылдам алға басып отыр. Ол үшін компания CDMA-450 сымсыз байланыс базасын тиімді пайдалануға көшкен. Екі жылдың ішінде облыстың бірқатар аудандарында мұндай 9 станция орнату жоспарланған. 2012-2013 жылдары аралығында шалғайда жатқан ауылдарға қызмет көрсететін 11 станция құрылатын болады. Асхат Сәйпиұлының сөзінше, үш жылда 59 ауылдың тұрғындары телефон байланысымен қатар жылдамдығы жоғары интернетке де қол жеткізеді. Компания алдағы уақытта аудандарға талшықты-оптикалық желілерді тартуды жоспарлап қойған. Қазіргі кезде «Қазақтелеком» қалалық жерлерде байланыстың небір заманауи түрін көрсетуге кірісті. Олардың қатарында интернет арқылы ұсынылатын iD Phone, iD Net, iD TV секілді сапалы қызметтер бар. Бүгінде облыста 240 мың абонент болса, соның 60 мыңы «Мегалайн» қызметіне қосылған, ал сандық негіздегі телехабарларды 600 адам көреді.
Аймақ басшысы еліміздің басқа облыстарынан алда келе жатқан павлодарлық филиалдың қызметін оң бағалап, алдағы уақытта ауылдық жерлерде байланыс мүмкіндіктерін арттыруға баса мән беруді тапсырды. Бұл ретте облыс әкімдігі ұлттық компанияның басшылығына шығып, тиісті мәселелерді шешуге ықпал етуге дайын.
«Қазақтелекомның» дамуы ойдағыдай болғанымен, «Қазпоштаның» ауылдардағы жұмысы талап деңгейінде емес. Айта кетелік, аталмыш мекеменің ауылдық жерлерге, соның ішінде шалғай мекендерге газет-журнал жеткізуде кемшіліктерге бой алдырып жүргенін облыс әкімі талай мәрте сынаған еді. Пошта қызметкері жоқ болса, ауылда газет оқырмандары да қайдан болсын? Ондай ауылдың тұрғындары малын жайлап болған соң, бір уақыт газет қарап, облыс хабарларынан құлағдар болудан қалған.
«Қазпошта» АҚ облыстық филиалының директоры Бауыржан Қанешевтің айтуына қарағанда, облыстағы 148 ауылдық пошта бөлімінің 17-сі ғана жеке меншік ғимаратқа орналасқан. Қалғандары – жалдамалы. Алыс деген ауылдардың өзіне газеттің аптасына екі мәрте жеткізілетінін айтқан директор бұдан былай жеке ғимарат құрылысын салу компания үшін қиындыққа түсетінін жеткізді. Сол себепті, мобильді байланыс бөлімін жасақтау жоспарланған. Бұл - кәдімгі вагон сияқты. Облыс әкімі компанияның қызметі алға қарай жүрудің орнына, кейін қарай кетіп бара жатқанын айтты. Вагон бөлімшелер – кешегі күннің еншісінде қалуға тиіс еді.
Директордың шаққан тағы бір мұңы – іргедегі Ленин кентінде тиісті бөлімшенің жоқтығы. Тоғыз мың халқы бар елді мекенде пошта бөлімшесі болуға тиіс. Бірақ бұл компанияға тиімсіз көрінеді. Бақытжан Әбдірұлы ұлттық компания табысты көздемей, ең алдымен халыққа қызмет көрсету жағын көбірек ойлағаны жөн дегенді айтты. Бұл ретте де әкімдік «Қазпоштаның» басшылығымен кеңесіп, бір шешімге келе алады.
Жиынды қорытындылай келе, облыс әкімі ауылдарда телефон және пошта қызметтерін дамытуға байланысты нақты тапсырмалар берді. Әр ауыл телефон байланысына қай мерзімде қол жеткізетінін толық білуі үшін арнайы карта жасау керек. Сонда ғана ауылдықтармен кездесулерде көтерілетін мәселелер азаяды. Ол үшін компания өкілдері елді мекендерге арнайы шығып, барлық жағдайды түбегейлі зерттеп алуға міндетті.
 

                                                                                                                                                              Н.ЖАЙЫҚБАЕВ.


 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Наурыз 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31