«Қазақстан вагон жасау компаниясы» акционерлік қоғамы «Қазтеміртранс» АҚ-ның Павлодар филиалына 18 жүк вагонын жіберді. Бұл - аталмыш компанияның алғашқы шығарған вагондары. Екі компанияның арасында 5 мың вагонға ниеттестік хаттамалары жасалған болатын.
Екібастұздағы вагон жасайтын зауытта бүгінде бірінші іске қосу кешені жұмыс істеп тұр. Елімізді индустрияландыру картасындағы серпінді жобалардың қатарына енетін аталмыш жоба келесі жылдың соңында толықтай пайдалануға беріледі. Келешекте жылына 2,5 мың вагон жасап шығаратын кәсіпорын жобасын «Қазақстанның даму банкі» қаржыландырды. Жоба құны – 51 миллион АҚШ доллары.
Инвестициялық жобаның Екібастұз өңірі үшін әлеуметтік маңызы жоғары. Себебі зауыт толық іске қосылған уақытта онда 200 адам жұмыс істейттін болады. Қазір ондағы құрылыс алаңдарында 350 адам еңбек етіп жүр.
Екібастұз қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

