ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛМЕК Ақсу қаласында тұрғын үйлердің тең жартысы ескірген

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына биылғы Жолдауында еліміздегі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселесіне де ерекше көңіл бөлінгендігі белгілі. Мемлекет басшысы атап өткендей, аталмыш сала республика халқының әл-ауқатын арттырудағы басты мақсаттардың қатарынан орын алып отыр. Жасыратыны жоқ, тозығы жеткен тұрғын үйлер, әсіресе, инженерлік жүйелері әбден ескірген көпқабатты үйлер Ақсу қаласында да баршылық. Күн тәртібіндегі бұл мәселеге қала тұрғындары да алаңдаулы. Ресми деректерге сүйенсек, бүгінде қала бойынша барлығы 244 көпқабатты тұрғын үй бар. Орташа есеппен алғанда, олардың 50 пайыздан астамының су құбырлары, жылу, кәріз жүйелері және шатыры күрделі жөндеуді қажет етеді.

Осыған байланысты үстіміздегі жылы қала басшылығының қолдауымен жалпы жағдайы  өте нашар деген 15 тұрғын үйдің жертөлелеріндегі инженерлік-коммуникациялық жүйелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Бұдан басқа 13 көпқабатты тұрғын үйдің шатыры жөнделмек. Мұндай шараларды пәтер иелері кооперативтері мен тұрғындар өз күштерімен атқара алмайтындығы түсінікті. Сондықтан арнайы тұрғын үй көмегі бағдарламасы шеңберінде тиісті жөндеу жұмыстарын жүргізуге жергілікті «Горводоканал» және «Теплосервис» коммуналдық кәсіпорындары қол ұшын беретін болады.

Бір атап өтерлігі, өткен жылы пәтер иелері кооперативтері есебінен жалпы аумағы 45 мың шаршы метр шатырға жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ, қала тұрғындарының қаражаты есебінен 103 үйдің сумен жабдықтау жүйесі жөнделіп,  43 үйдің кәрізі және жиырмаға жуық тұрғын үйдің жылу жүйелері қалпына келтірілген. Бұл жұмыстар үстіміздегі жылы да жалғасын табатын болады, дейді Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының мамандары.  

Ерсін ЖҰМАДІЛОВ,

Ақсу қаласы.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Наурыз 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31