Қуаңшылыққа қармастан Шарбақты ауданындағы егінмен шұғылданатын серіктестіктер мен шаруа қожалықтары тұрақтандыру қорына 2950 тонна жоғарғы сапалы астық тапсырып, жоспарды толығымен орындады. Бұл - аудандағы егінмен шұғылданатын шаруашылықтардың толайым еңбегінің жемісі. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің деректеріне назар аударсақ, «Победа», «Топав» серіктестіктері тұрақтандыру қорына қомақты мөлшерде астық тапсырған.
Даниял ҚЫЗЫРҰЛЫ,
Шарбақты ауданы.

