АСТЫҚ АЗ ЖИНАЛДЫ

 

Орақ – 2010

дегенмен сапалы өнімнің бағасы былтырғыдан жоғары

Павлодар облысының диқандары орақ науқанын аяқтауға жақын. Дәнді дақылдар бойынша күнбағыстан басқа өнімдер түгелімен жиналып алынды. Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы хабарлағандай, 455 мың гектар жерден 293,4 мың тонна дәнді дақыл түсті. Биылғы жоспар бойынша 300 мың тонна астық қамбаға құйылады деп күтілген, жазғы құрғақшылықтың салдарынан белгіленген межені бағындырудың сәті түспеді. Десек те, алынған астық облыс халқын қамтамасыз етуге жетеді.

Дәнді дақылдың асылыбидай облыс бойынша 240,5 мың тонна жиналды. Орақ науқанында орташа өнімділік көрсеткіші Железинка ауданында ең жоғары болып (гектарына 8,7 центнерден) танылды. Астықты өңірЕртіс ауданында әрбір гектардан жеті центнерге жетер-жетпес өнім жиналды. Қалай болғанмен бұл аудан барлық жиналған дәнді дақылдың үштен бірін берді. Жалпы облыс бойынша биыл бидайдың қамырлылық көрсеткіші де жоғары екендігі тіркелді.

Қазіргі күні облыс бойынша төрт элеватор астық қабылдауға кірісті. Арнайы тіркеуден өткен Жолқұдық және Шарбақты элеваторлары «Азық-түлік келісімшарт корпорациясына» шаруалардан үшінші класты бидайды қабылдауда. Корпорация осы жылы павлодарлық диқандардан 25 мың тонна астық алатын болып келіскен. Алайда бүгінге дейін тапсырылған бидай белгіленген квотаның жартысын ғана жауып үлгерді. Астық өсірушілердің бұл немқұрайды әрекетіне жергілікті нарықтағы бидай бағасының жоғары болуы әсер етіп отырғанға ұқсайды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы өсімдік шаруашылығы және механикаландыру бөлімінің бастығы Құрманғали Нұғұмановтың айтуына қарағанда, биылғы жиналған астық былтырғы жылмен салыстырғанда 3-4 есеге аз. Қазір облыста 3-класты бидайдың әрбір тоннасы 27-30 мың теңгеден сатылуда. Ал корпорация тұрақтандыру қорына алатын астықтың әр тоннасына 26500 теңгеден белгілеген. Осыған орай шаруалардың көбісі астық тапсыру ниетінен айнып отыр.

Дәнді дақылдан басқа биыл өңірде екі жүз отыз мың тонна картоп, жетпіс алты мың тонна көкөніс жиналды. Алдыңғы жылдармен салыстырғанда облыста көкөніс пен картопты сақтау мәселесі біршама жақсара түсті.

Атап өтерлігі, биыл өңірдегі астық өсірушілерге мемлекет бюджетінен жалпы сомасы 600,7 миллион теңге субсидия төленді. Тұқым шаруашы-лықтары да қолдаусыз қалған жоқ. Бұған қоса диқандардың жазғы уақытта минералды тыңайтқыштар сатып алуларына қомақты қаржы бөлінді.

Егін өсірумен айналысатын шаруашылықтар қазір келер жылға қажетті дәнді-дақыл тұқымдарын қамбаларға құюда. Алдағы жылы 66,4 мың тонна тұқым қажет болады. Бүгінде күзгі жер жырту жұмыстары да тәмамдалды, сегіз мыңнан астам гектарға қарабидай себілді. Шаруалар қысқа қажетті малдың жем-шөбін де молынан қамтып үлгерді. Шабылған шөп жоспардағыдан жиырма пайызға артық орындалды – 772 мың тонна шөп қыстақтарға жеткізілді.

 

Мұрат АЯҒАНОВ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қараша 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
1 2 3 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30