АГРОКЕШЕННІҢ ӘЛЕУЕТІ АРТЫП КЕЛЕДІ

21 қараша – Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні

 

Ауыл шаруашылығы ел экономикасындағы басты салалардың бірі болғандықтан, Елбасы Қазақстан халқына арнайтын жыл сайынғы Жолдауларында агрокешенді қолдау мәселесін әсте қалыс қалдырған емес. Себебі мемлекетіміздің бақуатты болашағы да негізінен осы ауыл шаруашылығының әлеуетімен байланыстырылады. Оның үстіне қазақтың өзегіауыл халқының басым көпшілігі өзін-өзі жұмыспен осы ауыл шаруашылығы саласында қамтып отыр.

 

Бүгінде еліміздің агроөнеркәсіп кешені тұрақты дамып келеді. Өз кезегінде ол мемлекеттегі азық-түлік қауіпсіздігін толық қамтамасыз етіп, ішкі нарықтың тұрақтылығына негіз болуда. Павлодар облысында соңғы жылдары жетістіктер молынан байқалуда.

Жалпы, биылғы жылы ауыл шаруашылығы секторын мемлекет тарапынан қолдау шаралары жоғары деңгейде жүргізілді. Үстіміздегі жылдың алғашқы он айында барлық деңгейдегі бюджет көздерінен біздің облысқа 3 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлініп, оның басым бөлігі игерілді. Республикалық қазынадан субсидия түрінде келген 2,2 миллиард теңге қаржының 1,7 миллиарды іске асты. Аталмыш қаражат ауыл шаруашылық дақылдарының түсімі мен сапасын арттыруға, тұқым шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнімділігін көтеруге, ауыз суды жеткізуге байланысты көрсетілетін қызмет құнын демеуқаржыландыруға және тағы басқа бағыттарға таратылды. Бұдан басқа, облыстық бюджеттен 42,8 миллион теңге шаруаларға берілді.

Биыл өсімдік шаруашылығында жиналған өнім өткен жылғымен салыстырғанда үш-төрт есеге аз, алайда жаздың құрғақшылықта өткенін ескерсек, алынған 293 мың тонна астыққа қанағат етуге болады. Көкөніс өсірушілер екі жүз отыз мың тонна картоп, сексен мың тонна көкөніс жинады. Бұл өнім аймақ халқын асырауға бір жылға артығымен жетеді, сыртқа сату мүмкіндіктеріміз де мол. Облыста көкөніс сақтау қоймаларының мәселесі де біртіндеп шешілуде. Таяуда Ақтоғай ауданында ашылған заманға сай қойма көп жылдан бері қордаланып қалған проблеманы жеңілдетуге септігін тигізді. Бұл бағытта қолға алынған жобалар аз емес.

Мал шаруашылығы саласындағы көрсеткіштерге де көңіл толады. Қой-ешкі саны 583,2 мыңға жетіп, былтырғы жылмен салыстырғанда бес пайызға өскені байқалса, жылқы мен қара мал басы да тұрақты көбейіп келе жатқандығы аңғарылуда. Он айда облыста үш жүз он екі мың тонна сүт, елу алты мың тонна ет өндірілді. Аймақ бойынша бүгінде 42 асыл тұқымды субъекті жұмыс істейді. Осы жылдан бастап өңірде мал етіне деген ветеринарлық қадағалау күшейтілді. Жаңадан заманауи талапқа сай мал соятын орындар құрылды. Қазіргі күні аймақта 132 осындай пункт бар. Жүз тоқсан екі ветеринар маман штатқа қабылданды.

Дайындау және қайта өңдеумен айналысатын 402 кәсіпорын үздіксіз жұмыс істеп, нәтижесінде бидай ұнын өндіру 157, күнбағыс майы 115, жармалар өнімі 203 пайызға ұлғайды. Жалпы, бұл салада 26,7 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. Жыл басынан бері он үш қайта өңдеу және үш дайындау нысаны іске қосылды. Олардың арасында Екібастұзда ашылған тәулігіне 30 тонна өнім өндіретін нан-тоқаш комбинатын, Железинкадағы жеке кәсіпкер «Хаймульдинов» қолға алған күнбағыс майын шығаратын цехты айрықша атап өтуге болады.

Облыстың үш қаласы мен басқа да ірі елді мекендерінде ауыл шаруашылығы тауарларын делдалсыз босататын он алты әлеуметтік дүкен жұмыс істейді. Облыс әкімінің тапсырмасымен жүзеге асқан осы бір игі бағыт өзінің жемісін бере бастағандығы аңғарылады. Алғашқы он айда 82 ауыл шаруашылық тауарларының жәрмеңкесі өткізіліп, жалпы сомасы 468 миллион теңгенің өнімі сатылды.

Қазіргі күні облыстың ауыл шаруашылығы саласында 11 инвестициялық жоба бойынша жұмыс жүргізілуде. Меншікті қаражат есебінен жалпы сомасы жарты миллиард теңгеге жуық 5 жоба іске асуда. Биыл «ҚазАгро» акционерлік қоғамы арқылы облыста 6 ірі жобаны қаржыландыру көзделген болса, оның біреуі жақында толығымен аяқталып, іске қосылды. Облыста даму көшіне оң серпін беретін инвестжобалардың болашағы зор саналып отыр.

 

М.ҚАПАНҰЛЫ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қараша 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30