ФЕРМЕРЛЕР МЕН САЯЖАЙ ИЕЛЕРІНІҢ НАЗАРЫНА!

«Павлодар гидрометеорологиялық орталығы» мемлекетттік еншілес кәсіпорнының мамандары ауа райының метеорологиялық және агрометеорологиялық жағдайларының күйін тұрақты бақылап отырады. Көктемгі-жазғы кезеңдегі орын алатын және күтілетін жайттар үнемі қадағалануда.

Соңғы зерттеулер көрсеткендей, 2010 жылғы күздің соңында облыстың барлық аумағындағы жер танаптарында топыраққа сіңген ылғал қоры қанағатты емес деп танылды, ол негізгі нормадан 11-40 пайызды құрады. Өткен жылдың күз мезгілі жылы ауа райымен танылды әрі жауын-шашын аз түсті. Аталмыш мезгілдің бірінші жартысында ауа райы біраз салқындағанда аздап ылғал түсті, ал соңғы жартысында қар аралас жаңбыр сирек болды.

Қызқы уақытта түскен ылғал кей жерлерде нормаға жуық, ал кейбір өңірде аз болды. Бұл жайттар осы жылдың астық, бау-бақша  өсіру шараларына айтарлықтай әсерін тигізеді.

Биыл бірінші сәуірден бастап күн жылынды, температура жоғарылап, қазіргі күні ол тұрақты болуда. Көктемгі жер жырту, себу жұмыстарының басталуына ауа райымен қатар қыстың күні топырақ қабатының қату тереңдігі және оның жібу жылдамдығы тікелей әсер етеді. Биыл қыста топырақ қабаты 150 сантиметрге дейін қатты. Топырақ қабатының жұмсарып, кебуі және себу шараларының оптимальді мерзімі көктемгі ауа райына қатысты.

Көктемгі дала жұмыстары мен жазғы егістікке себу шараларының оптимальді басталу мерзімі топырақтың әбден жұмсарған кезінде ғана мүмкін болады. Көктемде топырақтың майда-жұмсақ күйде болатын кезеңі өте қысқа (10-20 күн), сондықтан осы бір қолайлы уақытты сәтімен пайдаланып қалған абзал. Осы кезеңде дала жұмыстары жүргізіліп, ерте себілетін жазғы дақылдарды отырғызу қажет болады. Аталған оптимальді мерзімде жазық жер телімдеріне себілген дақылдардың үсікке ұрыну мүмкіндігі байқалмайды. Осы кезеңмен салыстырғанда 10-14 күнге кешігіп себілген дақылдар өзінің өнімділігін бір жарым-екі есеге жоғалтады.

Толығырақ ақпаратты «Павлодар гидрометеорологиялық орталығы» МЕК-нен келіп алуларыңызға болады.

 

Т.КИСЕЛЕВ,

2-класты инженер-агрометеоролог,

«Павлодар гидрометеорологиялық орталығы».

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Сәуір 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30